Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚР мен БР теміржол әкімшіліктері ҚХР- ЕО- ҚХР бағдарында транзиттік жүктерді өткізуге қолайлы жағдай жасайды

 

Минскідегі Белорусь –Қазақстан бизнес –форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Белорусь теміржолының бастығы В. Морозовпен келіссөз жүргізді.






Маңғыстау облысында теміржол өткеліндегі трагедиялық оқиғаға кінәлілер қатаң жазаланады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы мен Қазақстанның теміржолшылары Маңғыстау облысы, Өзен- Болашақ теміржол өткеліндегі апатты жағдайға байланысты қаза тапқандардың туған -туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Трагедиялық оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Компания қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету мақсатында 20 миллион теңге бөлді.






Қытай-Қазақстан- Түркменстан- Иран бағдарында теміржол тасымалы артады

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қазақстан, Қытай, Иран, Түркменстан теміржол әкімшіліктері өкілдерінің төрт жақты кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қытай-Қазақстан- Түркменстан- Иран (ҚҚТИ) бағдарында жүк тасымалын бәсекеге қабілетті ету мәселесі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар ҚҚТИ халықаралық транзиттік дәліз әлеуетінің мүмкіндігін қарастыра келіп, аталмыш бағдарда тұрақты контейнерлік тасымалды тұрақты ұйымдастыру мәселесін  талқыланды.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасымен Алматы-Шу екінші жол телімін іске асырды

27 қарашада Алматы –Шу теміржол желісінің екінші телімінің құрылысы мен теміржол үстінен Алматы – Шамалған автокөлік даңғылы қатар ашылды. Жоба Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба.

Ақсеңгір станциясындағы салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, көлік қызметкерлері мен ардагерлері, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.






Өзен-Болашақ теліміндегі оқиғаға қатысты ақпарат

25 қарашада 14 сағат 20 минутта Маңғыстау жол бөлімшесінің Өзен-Болашақ теліміндегі жол өткелінде тепловоз «Газел» автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол өткеліндегі белгі беру құрылғысы қалыпты жұмыс істеп тұрған. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан тепловоз машинисі жолда тұрып қалған автомобилді көреді. Алайда шұғыл тежегішті басқанымен апаттың алдын алу мүмкін болмады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы оқиға салдарын тексеруге кірісті.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі






Ташкентте ҚР мен ӨР теміржол әкімшіліктерінің басшылары тасымалдау тиімділігін көтеруге уағдаласты

24 қарашада Ташкентте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Узбекистон темир йоллари» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Акбар Шүкіревпен кездесіп, көлік және логистика саласындағы серіктестікті әрі қарай дамыту мәселесі бойынша келіссөз жүргізді. 

Кездесу барысында тараптар тасымалдау үдерісінің тиімділігін көтеру, жылжымалы құрамды пайдалану, айналымын жеделдету,  вагондардың мемлекетаралық түйісу нүктелерінде бос тұрып қалуын болдырмау мәселелерін талқылады.






Теміржолшылар әріптестерін іспен қолдады

Биылғы жылы олардың екеуі де тағдырдың жазуымен үйсіз қалды. Айжан Таңованың үйі өртеніп кетсе, Ізбасар Августовтың үйін су басып қалды.

Жергілікті кәсіподақ ұйымының белсендісі Сара Бижанованың айтуынша, «ұжымда әріптестеріне көмек қолын барлығы да созды. Одан тыс қалған адам жоқ. Әрқайсысы мүмкіндігінше көмектесті».






Пекинге қазақстандық астықты жеткізу мерзімі төрт есеге қысқарды

Ақмола темір жолының Атбасар станциясынан астық тиеген пойыз Пекинге тікелей жол тартты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 53 жабық вагонынан тұратын салмағы 4,5 мың тонналық жылжымалы құрам белгілі бекетке дейін жолаушылар тасымалы секілді сұрыптау стансаларына соқпай, арнайы бекітілген кестемен жүреді.

«Пойыз жолда бір жарым тәулік жүреді. 36 сағаттан соң Достық станциясына тоқтайды. Пойыз басқа жүк пойыздарына қарағанда төрт есе жылдамдықпен тәулігіне 800 шақырымды алады»,- дейді Атбасар станциясының бастығы Серік Қайниденов.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ –да электронды сандық кітапхана іске қосылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ғылыми-техникалық басқарудың автоматтық жүйесі (ҒМТ БАЖ) платформасында «Электронды сандық кітапхана» жобасы жүзеге асырылмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталия Смольянованың айтуынша, «сандық технологиялы кітапхана жобасын жүзеге асыру  iOS и Android операциялық жүйесіне мобильдік қосымша енгізу арқылы техникалық ақпараттарға Компания қызметкерлері әлемнің кез-келген түкпірінде жүріп, қол жеткізе алады».






«ҚТЖ» ҰК» АҚ да спорттың бес түрінен дәстүрлі Спартакиада өткізілуде

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық компанияның филиалдары мен еншілес кәсіпорындары спортшыларының қатысуымен дәстүрлі Спартакиада жалғасын табуда.

Персонал жөніндегі вице-президент Н. Жапарқұлдың айтуынша, салауатты өмір салтын қолдау, спорттық шараларды өткізу Ұлттық компанияның корпоративтік саясатының маңызды бөлігі саналады.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта