Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Денсаулық сапарға шықты

Бүгін арнайы мамандандырылған «Денсаулық» пойызы Қазақстанның оңтүстік облыстарына сапарға аттанды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР ТЖМ бірлескен медициналық пойызы оңтүстік өңірдің шалғай станцияларына сапар шегеді. Білікті маман дәрігерлердің көмегіне алыс станциялар мен жол айырықтарындағы теміржолшылардың отбасы мүшелері ғана емес жергілікті тұрғындар да жүгіне алады.

Өткен жылы «Доңғалақты емхана» алғашқы екі бағдарында шығыс, солтүстік және орталық Қазақстанның 34 станциясын қамтыған болса, бұл жолғы бағдарында жүз күн ішінде «Денсаулық» пойызы оңтүстік өңірдің 54 станциясын қамтиды. Медициналық құрам наурыздың 27-сіне дейін жалғасады.






КТЖ Басшысы «КВК» ЖШС-ның жүк вагондарын көптеп шығаруын қолдайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-ның (Павлодар облысы, КВК) жүк вагондарын көптеп шығаруын қолдайды.

«Жартылай вагондарды шығаруды жылына бес мың данаға дейін жеткізу керек. Бұл біздің жылма-жыл паркімізді толықтыруға жеткілікті. Оған қажетті инвестиция да бар»,-деп атап өтті компания президенті сәрсенбі күні кәсіпорынға сапарында.

ҚТЖ кәсіпорынның меншік иесінің бірінен саналады.






ҚТЖ мемлекеттік тілді дамытады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Мемлекеттік тілді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасына орай, мемлекеттік тілді дамытуды ойдағыдай жүзеге асырған компанияның бөлімшелері, филиалдары мен еншілес кәсіпорындарын марапаттады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Асхат Акчуриннің басшылығымен компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшыларынан аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысын қадағалайтын арнайы комиссия құрылған болатын.

Комиссия құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысын бірнеше бағыттар бойынша бағалады. Оның ішінде құжат айналымында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, қызметкерлердің қазақ тілін меңгеруіне қолайлы ахуал жасауы, бөлімшедегі мемелекеттік тілді дамытуға қаржы бөлу барысы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ындағы мемлекеттік тілді дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасына орай өткізілген шараларға қатысу барысы талданды. 






ҚТЖ 2010 жыл қорытындысын жасады

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ында 2010 жылдың қорытындысы жасалып, биылғы жылдың тапсырмалары талқыланды.

Кеңесте «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйлеп, вице-президенттер, еншілес компаниялардың жетекшілері есеп берді.

2010 жыл қорытындысы бойынша теміржолшылар өндірістік көрсеткіштердің 2009 жылға қарағанда артқандығын атап өтті. Жүк айналымы 213 млрд. тонна-шақырым болса, 268 млн. тонна жүк тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары. Жолаушылар айналымы 13,9 млрд. жолаушы-шақырым болып 2009 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға өсті. 2010 жылы қор жасақтау көлемі екі есеге өсті.

Өткен жылы сала еңбеккерлері Мемлекет Басшысы мен Үкіметтің жеті стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыруды бастады. Теміржолшылардың бір адамға шаққандағы өндірістік көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көтеріліп, 4млн 85 мың теңгені құрады. Жүрдек жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру 1 623 шақырымға ұзарды. 






Семей станциясында өрт оқиғасы орын алды

2011 жылғы қаңтардың 5-6 күндері Семей станциясы орталықтандырылған электр желісі ғимаратынан өрт шықты. Өрт 750 шаршы метрді қамтыды.

Станция жұмысында тоқталыс болған жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметі станциядан 20 қызметшіні жедел сыртқы шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері тартылды.

Өрт таңғы 6-да толық сөндірілді.

Қазіргі таңда станция жұмысы қолмен басқарылуда.

Жүк және жолаушылар пойыздары қозғалысына жол берілген жоқ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Көктұма қума жолында тепловоз тоқтады

2011 жылғы қаңтардың 3-інде Алматы жол бөлімшесінің Бескөл –Достық теліміндегі 16-шы жол айырығы Көктұмада қар жалдарының салдарынан тепловоз тоқтады.

Екі метрден жоғары қар жалдарының екі шақырымнан асып кетуіне орай, онда жіберілген СДПМ жол тазалағыш техникасының жолды аршуы қиындыққа түсуде.






«Барыс» мұзайдынында қайырымдылық акциясы өтті

«Қазақстан» спорт сарайының «Барыс» халықаралық мұзайдынында «Балаларға базарлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Оның мақсаты – қоғамның назарын жетім балалар үйінің тәрбиеленушілеріне аудару.

Әрбір Жаңа Жылда балалар үлкендерден сыйлық күтеді. Соған орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Барыс» командасы бірлесіп Астана мен Ақмола облысы балалар үйінің тәрибеленушілеріне жаңа жылдық сыйлық әзірледі. Арнайы шақырылған Аяз Ата балаларға түрлі тәттілер мен сыйлықтар үлестіріп, бірге биледі. «Қазақстан» спорт кешенінің ішін аралатып көрсетті. Суретке түсті.

Жаңа жылдық шыршаға шақырылғандардың арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Франция, Чехия, Норвегия, Голландия, Швейцария, Жапония, Еуроодақ, елшіліктерінің дипломаттары, БҰҰ, UNISEF, шетелдік мұнай компанияларының өкілдері бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Желтоқсанның 29-ында 21 сағат 47 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Жарық – Қарағанды екі қатарлы жол теліміндегі Қарабас – Қарағанөзек қума жолында электровоз қарсы келе жатқан пойыздың жолдан шығып кеткен вагонына соқтығысты.

Соқтығысу салдарынан электровоздың алдыңғы тіркемесі залалданды. Рельстен шығып кеткен керамика тиелген №24407702 жабық вагоны Ресей Федерациясының мүлкі болып табылады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бес жолаушы, үш жүк пойызы кестеден кешікті. Қозғалыс 2 сағат 03 минутта қалпына келтірілді.

Оқиға орнында «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы сараптау жұмыстарын жүргізуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара – мемлекеттің стратегиялық жобасы

Бүгін ҚР Премьер - министрі Кәрім Мәсімов «Өзен –Түрменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол құрылысы жобасының атқарылу барысымен танысты. Шекаралық Болашақ станциясында негізгі күре жолдың шпал төркөзін орнату басталды.

Үкімет басшысының еліміздің индустриялық бағдарламасына кіретін мемлекеттік стратегиялық нысанмен танысуы теміржол құрылысы бастау алған Өзен станциясынан басталды. Өзен 3-ші сыныпты жүк станциясы болып саналады. Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындарға кіреберіс жолдарда маневрлік жұмыстар атқарылады. «Өзен –Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісін пайдалануға беру қарсаңында жүк тасымалының өсетіндігіне байланысты Өзен станциясында қосымша бес жолдан тұратын «Б» деңгейіндегі қабылдау- өткізу паркі құрылысы басталды. Сонымен қатар қызметтік техникалық ғимарат, 100 жолаушыға арналған темір жол вокзалы, локомотив бригадалары үшін демалыс орны, қызметтік-тұрмыстық корпус, вагондарға техникалық қызмет көрсету орындары ашылатын болады. Темір жол желісінің қызметкерлеріне арналған 38 пәтерлік тұрғын үй, трансформаторлық подстанция, инженерлік коммуникациялық ғимараттар бой көтермек. Қазіргі таңда 2011 жылдың алғашқы жартысында жол бойындағы 17 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.

Өзен станциясының құрылыс нысандарына отандық кәсіпорындардың еңбеккерлері тартылған.






Fitch Ratings ұзақмерзімдік рейтингiнi бекiттi

Желтоқсанның 21-і 2010 жыл.  Fitch Ratings агенттігі «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы («ҚМГ» ҰК») , «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ), Электр жүйелерін басқарудың қазақстандық компаниясы («КЕGОC») және Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы («МРЭК») компанияларының эмитенттерінің дефолтқа қатысты ұзақмерзімдік РДЭ рейтингтерін дәйектеді.  

Агенттіктің 2010 жылғы желтоқсанның 20-сындағы дәйегіне қарағанда Қазақстандағы РДЭ яғни ұлттық валюта мен шетелдік валютаның ұзақмерзімдік  деңгейі «BBB-» сәйкесінше «BBB» деңгейінде сақталады. Сондай-ақ, қысқа мерзімідк РДЭ шетелдік валютаның «Ғ3» деңгейінде қалады. Агенттік Қазақстанның ұзақмерзімдік шетелдік және ұлттық валютаға РДЭ деңгейін «Қалыпты» деңгейінен «Жағымды» деңгейіне көтерді.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ шетелдік валютамен ұзақмерзімдік РДЭ «ВВВ» деңгейінде бекітіліп «Қалыпты» деп дәйектелді. Басымдық берілген қамтылмаған рейтингі «ВВВ» деңгейінде бекітілді.

Рейтингілігінің тұрақтылығына қарамастан «ҚМГ» ҰК» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекетпен тығыз қарым қатынас орнатып, дер кезінде толық қаржылық қолдау алады. Сол арқылы өз компанияларының тәуелсіз рейтингін тұрақты деңгейде сақтауына мүмкіндігі бар. Мемлекет кепілдігімен алынған қарызы жоқ. Осыған байланысты «ҚМГ» ҰК» мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингі «Қалыпты» болжамында бекітілді.






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта