Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

STANDARD & POOR'S ҚТЖ РЕЙТИНГІН БЕКІТТІ

Standard & Poor's несиелік рейтинг қызметі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның шетелдік валютаға қатысты ұзақмерзімдік деңгейін «ВВВ-». «Тұрақты» болжамына бекітті.

«Біздің ойымызша «ҚТЖ» ҰК» АҚ рейтингі Қазақстанның қысқа және орта мерзімдік болашағында теміржол саласындағы монополиялық мүмкіндігін сақтап қала алатындығына қатысты болып отыр», - деп мәлімдеді Standard & Poor's несиелік сарапшысы Этай Раппел.

Қазақстанның экономикасы шикізаттық секторға бағытталғандықтан Standard & Poor's күтуінше, құбырмен тасымалдау қарқынды дамығандығына қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалындағы өзінің үлесін сақтап қалады. Оның сыртында, Компания жылжымалы құрамды, инфрақұрылымды жаңғыртуға оның сапасын жақсартуға қомақты қаржы бөліп отыр.






Қазақстанның өркендеуі – баршаның мұраты

Алматы локомотив пайдалану депосының ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талқылап, стратегиялық даму құжатын толығымен қуаттады.

Жолдауда көрсетілгендей, қазақстандық экономиканы одан әрі ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, мал шаруашылығындағы еттік бағытты жандандыру, ауыл шаруашылығы, химия, тамақ өнеркәсібі, азық түлік өндіру машиналарын құрастыру бағыттарындағы тапсырмалар темір жол тасымалының жаңа қарқынмен жүзеге асырылуына ықпал ететін жайлар екендігі айтылды.

- Алдағы уақытта экономикалық өсіп - өркендеуді көрсете отырып, Елбасы халықтың әлеуметтік хал ахуалын жақсарту, ұзақ өмір сүруі мен денсаулығын сақтандыру шараларын атап өтті,-дейді депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Құдайберген Рысбеков.

Депо еңбеккерлері Қазақстан халқына Жолдауда айтылған мәселелердің ішіндегі медициналық қызмет көрсету сапасы, білім беру, зейнетақы, жұмыссыздық, ардагерлерді қолдау секілді қадау-қадау мәселеріне ерекше көңіл бөлді.

Алматы локомотив депосының еңбеккерлері пойыз тартымында «Эволюшн» сериясындағы тепловоздардың соңғы үлгісін пайдаланады. Бұл тепловоздың жаңа буыны өз кезегінде еңбек қарқынының өсуіне, ақаулықтардың азаюына, еңбек көрсеткішінің көтерілуіне, өндірісшілердің біліктілігінің жоғарылауына қызмет етеді. Ол арқылы депо қызметкерлері Қазақстанның өсіп өркендеуіне өзіндік үлестерін қосуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Қазақстанның өркендеуі – баршаның мұраты

Алматы локомотив пайдалану депосының ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талқылап, стратегиялық даму құжатын толығымен қуаттады.

Жолдауда көрсетілгендей, қазақстандық экономиканы одан әрі ынталандыру мақсатында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту, мал шаруашылығындағы еттік бағытты жандандыру, ауыл шаруашылығы, химия, тамақ өнеркәсібі, азық түлік өндіру машиналарын құрастыру бағыттарындағы тапсырмалар темір жол тасымалының жаңа қарқынмен жүзеге асырылуына ықпал ететін жайлар екендігі айтылды.

- Алдағы уақытта экономикалық өсіп - өркендеуді көрсете отырып, Елбасы халықтың әлеуметтік хал ахуалын жақсарту, ұзақ өмір сүруі мен денсаулығын сақтандыру шараларын атап өтті,-дейді депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы Құдайберген Рысбеков.

Депо еңбеккерлері Қазақстан халқына Жолдауда айтылған мәселелердің ішіндегі медициналық қызмет көрсету сапасы, білім беру, зейнетақы, жұмыссыздық, ардагерлерді қолдау секілді қадау-қадау мәселеріне ерекше көңіл бөлді.






Ардагерлер Жолдауды қолдайды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Алматы жол бөлімшесінің ардагерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын ардгерлер кеңесінде талқылады.

Аға ұрпақ өкілдері алдында сөз сөйлеген Алматы жол бөлімшесіндегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқатай Мұхамеджанов Жолдауда айтылған жайлардың стратегияда көрсетілгендігін, соған орай таяу арадағы міндеттердің нақты дәйектелгендігіне тоқталды.

— Мені әлеуметтік мәселелердің табысты орындалып жатқандығы қуантады. Оның ішінде ел халқының барлық қордаланған әлеуметтік жайлары кешенді түрде қарастылған, — деп атап өтті М. Мұхамеджанов.

Ардагерлер биылғы жылы Үкіметке берілген тапсырма бойынша 2012 жылға қарай орташа зейнетақы, бюджеттік мекемелердің айлық жалақыларының екі есеге дейін өсіріліп, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің сапалық дәрежесінің өсе түсетіндігіне қуанды.






Олимпианың эстафеталық алауы теміржолшыларда

Азиадалық ойындардың 7-ші қысқы олимпиадасының эстафеталық алауын алып жүруге теміржолшылар да қатысты.

2011 жылғы қысқы Азиаданың қаңтардың 11-інде Куэйтте тұтанған алауы Қазақстанның барлық облыс орталықтарын шарлады. Оны алып жүру мәртебесіне Қазақстанның даңқын шығарып жүрген мыңдаған спортшылар мен мемлекет қайраткерлері тартылды.

Азиада алауын алып жүрушілер қатарына «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин кірді. Темір жол басшылығының еліміздің спортына сіңіріп жатқан еңбегі ұшан теңіз. Асқар Мамин Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясына жетекшілік етеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Барыс» хоккей клубының, «Локомотив» футбол клубының бас демеушісі болып табылады.

Эстафета алауын алып жүрушілердің қатарында ҚТЖ филиалы – Ақмола жол бөлімшесінің спорт жөніндегі нұсқаушысы Николай Мельников те бар. Ол қаңтардың 22-сінде Бурабай курорты аймағындағы бөлігіне қатысты. Николай Мельников бапкер ретінде Неон (Швейцария) қаласында өткен Олимпиадалық іріктеу жарысына қатысқан Қазақстан футбол командасына үш футболшыны дайындады. Оның баптаған бес қызы футболдан Ақмола облыстық құрама командасына кіреді. Қазақстан футболын дамытудағы еңбегі ескеріліп Николай Мельников ҚР Футбол федерациясының Құрмет белгісімен марапатталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Корпоративтік басқарудың көшбасшысы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның он еншілес компаниядағы 2010 жылғы корпоративтік басқару жүйесіне жүргізілген диагностикалық сараптау қорытындысы бойынша менеджмент сапасы жөнінен рейтинг тізімінің көшін бастады.

«Самұрық- Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Питер Хауз он еншілес компаниядағы 2010 жылғы корпоративтік басқару жүйесіне жүргізілген диагностикалық сараптаудың қорытындысын жариялады. Ол бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші орынды иемденді.

Корпоративтік басқару жүйесіне диагностикалық сараптау жасау 2009 жылы төмен көрсеткіште болған компанияларға жүргізілді. Оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ -да бар болатын.

Бұған дейінгі корпоративтік басқарудағы кемшіліктерді жоя отырып Ұлттық компания 45,3 пайыздық көрсеткіштен 59 пайызға дейін көтеріліп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ішіндегі он компанияның жетекшісіне айналды.






Ақаулы вагон алмастырылды

Қаңтардың 27-сінде 12 сағат 05 минутта Қызылорда облысындағы Төретам – Дерментөбе телімінде №34-ші «Ақтөбе-Алматы» жолаушылар пойызының 15-ші вагонында техникалық ақау байқалды. Пойыз тоқтатылған соң, ол вагонның жолаушылары басқа вагонға ауыстырылды. Ақаулы вагон жылжымалы құрамнан ажыратылды. Пойыз белгіленген кесте бойынша сапарын жалғастырды.

Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының арнайы комиссиясы жұмыс істеуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі 






Қарағанды–Балқаш желісіне 75 жыл

Қарағанды–Балқаш темір жол желісінің пайдалануға берілгеніне 75 жыл толды. Осыған орай Қарағанды тарихи өлкетану мұражайында көрме ашылды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары темір жол желісі мыс қорыту зауытының іргесінде жүргізілді. Бүгінгі таңда Балқаш темір жол станциясында 12 құрылымдық бөлімше бар болса, онда жүздеген кәсіби мамандар, машинистер мен жолшылар еңбек етеді.

Кәсіпорында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан отбасыларының ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапқан. Мәселен, Донскихтер отбасының темір жолда еңбек еткен жалпы өтілі 150 жылды құрайды. Салалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Валентина Лебедконың қызмет өтілі 40 жыл. Ол станция кезекшілігінен бастаған еңбек жолын станция бастығы болып аяқтады. Осы адамның бастамашылығымен мұражайға қажетті материалдар жинақталды.

Көрмеге қызықты құжаттар мен түрлі тарихи жәдігерлен қойылған.

Казахстанская правда 






Жұмыс кассасы — баршаға

Астанадағы теміржол вокзалында темір жол билеттерін сатудың электрондық терминалдарының тұсаукесері өткізілді. Жаңа вокзалда екеуі, ескі вокзалда біреуі жолаушыларға өткен жылдың 31 желтоқсанынан бері қызмет көрсете бастады. Осы мерзімде кассалардағы кезекке тұрмай ақ 175 жолаушы терминал арқылы баратын бағдарларына билет алған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілінің айтуынша, жолаушылар жаңа технологияны жедел меңгеруде. Алғашқыда әрбір терминалдың қасында кеңес беруші мамандар кезекшілікте тұрды.

Терминалдың қызметі кәдімгі банкоматтан ақша алған секілді. Карточка қойылып, операция таңдалады. Тиісті кестелер толтырылған соң, билетті сатып алуға бірнеше минут қана жіберіледі. Нәтижесінде, жолаушының қолында темір жол билеті мен оның чегі қалады. Жолаушылар бір пластикалық карточка бойынша бір мезгілде төрт билетке дейін ала алады. Сондай-ақ терминал көмегімен бұрын Интернет арқылы сатып алынған билетті көшіріп басуға да болады.






ҚТЖ делегациясының Қытайға сапары

Қаңтардың 17-18 күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин басқарған делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарында болды. Делегация мүшелері ҚХР темір жол министрі Лю Чжицзюнмен, құрылыс және жобалаушы кәсіпорындардың басшыларымен кездесулер өткізіп, 2011 жылға екі жақты әріптестіктің өзекті жайларын талқыламақ.

2010 жылы ҚР мен ҚХР арасында жүк тасымал көлемі 15154 мың тоннаға жеткізілген. Достық станциясындағы транзиттік жүк тасымалы 141147 контейнерді құрады. Бұл белгіленген жоспардан 6 пайызға артық. 2009 жылмен салыстырғанда 56 пайызға өскендігі байқалды.

Алайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР арасындағы темір жол саласындағы байланыс жүк тасымалымен шектеліп қалмайды ол стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ҚТЖ делегациясы аса ауқымды жайларды сараптаудан өткізді. 






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта