Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Экономикалық тиімді шешім

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Ұлттық компанияның өкілдері, AlstomHoldings және ЗАО «Трансмашхолдинг» ЖАҚ делегациясымен Қазақстан Республикасында электровоз өндірісін ұйымдастыру жайында отырыс өткізді.

Күн тәртібінде Астана қаласында электровоз шығаратын зауытты іске қосу жайы қаралды.

Кездесуге Қазақстан тарапынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Экономика және қаржы жөніндегі вице-президент К. Алпысбаев, «Локомотив жөндеу» АҚ президенті С. Дүйсенов қатысты.

«Alstom» компаниясы атынан –Alstom Transport президенті Ф.Мелье, Вице-президенті Б.Гонэ, ТМД елдері бойынша тұтынушылармен жұмыс жөніндегі директоры Любэ; «Трансмашхолдинг» ЖАҚ тарапынан Бас директордың орынбасары С. Фомин қатысты.

Кеңесте Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауытына» үш компания атынан жүргізілген зерттеу сараптау қорытындылары шығарылды. Сараптау қорытындысында жұмыс жасап жатқан тепловоз құрастыру зауытының аумағын және инфрақұрылымын пайдалана отырып, электровоз шығаруға болатындығы айтылады. Бұл арқылы инженерлік коммуникациялық құрылғыларды тарту, көліктік желі тарту шығындары азайып, қазіргі жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар мен еңбек ресурсын пайдаланудың да мүмкіндіктері ашылмақ. Алдын ала жасалған болжамды есеп-қисап жобасы бойынша «ЛҚЗ» АҚ зауыты жанына орналасатын өндіріс кешені құрылысын 5-6 айға шегеруге және бастапқы көзделген қаржыны 42 пайызға дейін үнемдеуге болатындығы анықталды.

Осы талаптарды жан-жақты сараптаудан өткізе келе тараптар қазіргі жұмыс жасап тұрған «Локомотив құрастыру зауыты» аумағынан электровоз шығаратын зауыттың құрылысын жүргізуге болатындығын көз жеткізді. Сөйтіп үш жақты шешім қабылданып, тиісті хаттамамен бекітілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Жолы әрқилы – құндылығы жалпы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президент Асхат Акчуринмен бірқатар филиал басшылары 6-шы Адам ресурстарын басқару халықаралық конференциясына келген «Ресей теміржолдары» ААҚ делегаттарымен кездесті.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасында өзара жүк тасымалы кеңінен өрістеуде. Екі ел теміржолшылары кадр және әлеуметтік мәселелер және жаңа технологиялар бойынша үнемі тәжірибе алмасып отырады.

Екі жақты әріптестік байланыстың нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында Жастар саясаты, медициналық пойызды ұйымдастыру, «РТЖ» ААҚ оқу орталықтарында қазақстандық мамандардың біліктілігін көтеру дәстүрі қалыптасқан.

Өз кезегінде Асхат Акчурин ресейлік әріптестерін бірлесе жасаған жұмыстардың нәтижелі болып жатқандығына ризашылығын білдірді. Қазақстан темір жолы саласындағы индустриялық инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру барысымен таныстырды.

Ресейлік теміржолшылар да қонақжай қазақстандықтармен қашанда бірлесе қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді. Әріптестер кездесу соңында ескерткіш сыйлықтармен алмасты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Сенаторлар ҚТЖ әлеуметтік саясатын құптады

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде депутаттар мен ұлттық компаниялар, холдингтер және бизнес құрылымдары басшыларымен кездесуінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселелері сөз болды. Сенаторлар «ҚТЖ» ҰК» АҚ –ның әлеуметтік саладағы атқарып жатқан қызметімен танысып, толығымен құптады.

Комитет төрағасы А.Бижанов талқылауды аша келіп, Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылғы қаңтарда Жезқазғанда болған Республикалық форумда қол қойылған Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы Келісімді жүзеге асыру аясындағы осы кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыста баяндама жасаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин Ұлттық компанияның кадр саясаты, персоналды оқыту, жастарға қолдау көрсету, компаниядағы тұрғын үй саясаты, еңбеккерлердің денсаулығын сақтау,зейнеткерлерге қамқорлық, теміржолшылардың салауатты өмір салты туралы жан-жақты әңгімеледі.

Сенаттың әлеуметтік –мәдени даму комитетінің мүшелері Ұлттық компанияның әлеуметті қолдау саласындағы атқарып отырған жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, оны әрі қарай табысты жүргізе беруіне мүдделілік танытты.

Негізгі баяндама жасаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова экономиканы жаңғырту мен халықтың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік жауапкершілік ісіне бизнестің қатысу мәселелеріне назар аударды.

Кездесуде сонымен қатар «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник, «Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры И.Сауэр, Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Г.Жұмагелдиева, «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры Д.Тұяқов және басқалар сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар осы саланы жетілдіру жөніндегі бірқатар сындарлы ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, әлеуметтік ынтымақ мәдениетін дамыту, азаматтық түсінікті қалыптастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік рөлінің мәнін ұғыну қажеттігі аталып өтілді. Одан басқа, бизнестің табысты болуы және әлеуметтік жауапкершілігі арта түскені – қоғамның тұрақтылығы, ал қоғамның тұрақты бола түскені – бизнестің табысты болуы екені айтылды. Бұл өзара байланыс қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ: жаңалықтарға жанашырлық

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жұмыс берушілер арасындағы бірінші Респубикалық «Сенім-2010» байқауының дипломанты атанды. Компанияға «Үздік жұмыс беруші ұлттық компания» және «Үздік HR жобасы» дипломы мен күміс статуэтка ескерткіш сыйлығы табыс етілді.

2010 жылғы қарашаның 10-ында «Самұрық –Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған «Адам ресурстарын басқару : HR жаңалығы» 6-шы Халықаралық конференциясы аясында басталған байқаудың қорытындысы шығарылды.

«Сенім» байқауының мақсаты – жұмыс беруші ретінде жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болған қазақстандық компанияларды анықтау болатын. Оны ұйымдастыруға Қазақстанның HR менеджерлері қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті», Қазақстанның әлеуметтік саяси зерттеу институты атсалысты.

Байқау бес кезеңнен тұрды. Алғашында үш мың қазақстандықтан өмір сүру деңгейіндегі өзгеріс, жұмысына қанағаттануы, Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмысы жөнінде сұрақ жауап алынды. Екінші және үшінші кезеңінде сарапшылар байқауға қатысушы компаниялардың елуден астам қызметкерінен сұрақтарға жауап алып, сараптаудан өткізді. Төртінші кезеңінде байқау әділқазылары «Үздік HR жобасы» байқауына қатысушы компаниялардың адам ресурстарын басқарудағы жобаларымен танысты.

Жан жақты сұрау салулар мен арнайы HR жобасының тұсаукесері бойынша 11 адамнан тұратын сарапшылар тобы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ын бірінші дәрежелі «Үздік HR жобасы – «Жастар саясаты» және 2-ші дәрежелі диплом «Үздік жұмыс беруші компания» аталымы бойынша марапаттады.

- Біз өз қызметімізде корпоративтік басқарудың халықаралық үздік тәжірибесіне, кадр әлеуетінің сапасын жоғарылату, еңбек жағдайын жүйелі жетілдіруге ден қоямыз,- деп атап өтті марапаттау рәсімінде Ұлттық компанияның Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин.

Оның айтуынша, компанияда теміржолшыларды әлеуметтік қолдау оның ішінде: тұрғын үймен қамту, медициналық сақтандыру, материалдық және жәрдемақы төлеу секілді қолдау түрлері бар. Осыған байланысты соңғы екі жылда кадрлердің басқа жұмысқа ауысу үдерісі 14-тен 9,9 пайызға азайды. Кадрлердің өз жұмысына қанағаттануы 65 пайызға көтерілді.

Әсіресе, компаниядағы Жастар саясаты сапалы жүргізілуде. Мұнда ХДП «НұрОтан» жастар қанаты «Жас отан» Жастар кеңесі құрылған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жастар ісі жөніндегі Кеңесі жұмыс істейді. Бұл қоғамдық ұйымдар компаниядағы жастарды еңбекке ынталандыру жөніндегі әлеуметтік бағдарламаларды қолдап отырады. Компания жылма-жыл жастардың «Сен болмасаң кім?» демалыс лагерін ұйымдастырады. «Менеджмент жобасы» және «Болашақ басқарушылар» бағдарламасы аясында «Жастар теміржол болашағы» айдарымен жастардың республикалық форумын тұрақты өткізеді.

Осы және басқа да арнайы бағдарламалары теміржол саласында жастардың тұрақтауы, олардың әлеуметтік мәселелерінің тиімді шешілуі, болашағы зор басқарушыларды анықтауға мүмкіндік әпереді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ комиссиясы жүк вагонының жолдан шығып кетуін тексеруде

2011 жылғы наурыздың 8-інде 06 сағат 40 минутта Ақмола жол бөлімшесінің Сарыоба-Еркіншілік қума жолында Екібастұз қаласы локомотив депосының машинисі Жуков пен көмекшісі Күленов басқарған №2501 жүк пойызының көмір тиелген бір вагоны жолдан шығып кетті.

Вагонның жолдан шығып кетуіне, №63620645 вагон жақтаушасының сынып кетуі себеп болған. Вагон 2004 жылы Ресейдің «Оралвагон» АҚ-ында жасалған.

Жолдан шығып кеткен №63620645 вагонына қатар келе жатқан №2944 пойыздың бос вагондары келіп соқтықты. Оқиға нәтижесінде электровоздың бір секциясы мен бос вагон рельстен шығып кетті.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар пойызы кестеден кешікпеді. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жасалуда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы жұмыс істеуде. Вагон жақтаушасын жасаған «Оралвагон» АҚ зауытына шағым хат жолданды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Аға ұрпақ өкілдеріне тағзым

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері Астана іргесіндегі қарттар мен мүгедектер үйіне барып, онда тұрып жатқан теміржолшы ардагерлерді құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.

Мемлекеттік мекемеде мүмкіндігі шектеулі және егде жастағы адамдарға қамқорлық жан-жақты жасалған. Бір, екі бөлмелі орындары барлық тұрмыстық құралдармен қамтылған. Медициналық – санитарлық блогы, спортзалы, тігін шеберханасы, шағын кітапханасы бар.

8 - наурыз қарсаңында мемлекеттік мекемеге Ұлттық компанияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма, Ішкі хаттама және бұқарамен байланыс департаменті өкілдері келді. Оған қоса Астана вагон жөндеу зауыты мен теміржолшылардың кәсіподағы тұрақты көмек көрсетіп отырады. Егде адамдар жылда шипажайларға жеңілдікпен емделіп қана қоймай, тұрақты материалдық көмектер де алып отырады.

Өз кезегінде қарттар да концерттік бағдарлама жасап, компания басшылығына ризашылықтарын білдірді.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Лондондағы тренинг

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен еншілес компаниясы «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері Лондонда темір жол саласындағы қазіргі заманғы қаржылық мүмкіндіктер жөнінде тренинг сабағынан өтті.

Сабақ барысында оған қатысушылар тәуекелді басқару, қорландыру, қор нарығының несиелік жүйесіне кіру, экспорттық несиелік агенттіктерімен жұмыс тәжірибесімен танысты.

Бұл іс тәжірибелер Қазақстан темір жолын дамытудың 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруда ұзақ мерзімдік қаржылық қамту мүмкіндіктерін пайдалану, қаржылық тәуекелді төмендету, жедел қамту жайларын қарастырады.

Лондондағы тренингке «Қазақстанның HSBC» банкі бастамашылық етті. Ұйымдастырушылардың пікірінше, инвесторлар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ секілді қаржылық көрсеткіштері мен мүмкіндігі жоғары, тұрақты несиелік рейтингімен танымал компаниялармен әріптестік орнатуға мүдделі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Партия қатары толыға түсуде

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымының отырысы өткізілді. Отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті – бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Акчурин, партбюро мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында «НұрОтан» ХДП қатарын білікті мамандар толықтырды. Олардың ішінде «Локомотив» АҚ президенті Марат Медеубаев, «Қазтеміртранс» АҚ даму жөніндегі вице-президенті Дастан Солтанбаев, «Қазтеміртранс» АҚ атқарушы директоры Әділжан Есмұхамбетов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының, Астана, Қырқыншы станцияларының еңбеккерлері бар.

- Мемлекет Басшысы жетекшілік ететін партия қатары президенттік сайлау қарсаңында да толыға түсуі – Қазіргі Қазақстан президентінің саясатын өндірісшілердің қолдайтындығын көрсетеді,-деп атап Асхат Акчурин.






Тасымал көлемі талқылануда

Алматыда ТЖЫҰ кеңесінің 3-ші комиссиясының отырысы өткізілуде. Оған Қазақстан, Ветнам, ҚХР, КХДР, Монғолия, Ресейдің темір жол және сыртқы экономикалық қатынас ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Отырыстың күн тәртібінде 2011 жылы кеңеске қатысушы елдер арасындағы тасымал көлемі мен өзара әріптестіктің өзекті жайлары талқыланады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ атынан сөз сөйлеген Пайдалану жөніндегі басқарушы директоры Қанат Әлмағамбетов Еуропа мен Азия арасындағы тасымалдау көлемін тұрақты түрде арттырып қана қоймай, оны жан-жақты келісім бойынша үйлестіріп отырған теміржол әкімшіліктерінің басшылығына ризалығын білдірді.

Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2010 жылды табысты аяқтады. Ұлттық компания отандық машина жасау саласында мол табыстарға кенелуде. Өткен жылы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «Эволюшн» сериясындағы 30 локомотив шығарса, биылғы жылы 80 магистралдік тепловозды құрастыруды көздеп отыр. «Тальго» компаниясымен бірлескен кәсіпорын жылына 150 жолаушы вагондарын құрастырмақ. Биылғы жыл аяғына дейін «Жетіген –Қорғас» және «Өзен –Түркменстанмен мемлекеттік шекара» теміржолдарымен қозғалыс басталатын түрі бар.

ТЖҰЫ комитетінің өкілі Ли Сунн Гын Қазақстан тарабына осындай кеңесті жақсы ұйымдастырып отырғандығы үшін алғысын білдірді.

Алдағы төрт күнде отырысқа қатысушылар сыртқы тасымалдау көлемінің орындалуы, 2011 жылы халықаралық тасымалдау көлемін келісу, шекаралық бекеттердің өткізу көлемін ұлғайту секілді шараларды қарастыратын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ мен Қытай теміржолы қозғалыс жылдамдығын күшейтпек

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында ақпанның 22-сінде Пекинде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен ҚХР темір жол министрлігімен Астана –Алматы аралығында жоғары жылдамдықтағы темір жол құрылысын жүргізу туралы Меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Қытай темір жол министрі Шэн Гуанцзу қол қойды.

Меморандум бойынша тараптардың Астана –Алматы аралығына жоғары жылдамдықты теміржол желісін тартудың техникалық –экономикалық дәйектемесін жасау көзделеді.

Қытай темір жолы әлемдегі ең ұзын теміржолдардың бірінен саналады. Оның жалпы ұзындығы 86 мың шақырым. Жоғары жылдамдықты пойыз Қытайда 2007 жылы жүре бастады. Қазіргі таңда оның 7055 шақырымы жоғары жылдамдықты болып саналса, 1995 шақырымында пойыздар қозғалысы сағатына 350 шақырымнан да жоғары.

2008 жылы Пекин мен Тяньцзинь бағдарындағы пойызы сағатына 394,3 шақырым жылдамдықпен жүріп рекорд жасады. Бұл желінің ұзындығы 117 шақырым, оның 100 шақырымы эстакада үстінде, 17 шақырымы топырақ төсемімен қапталған.

Бүгінгі таңда Пекин – Тяньцзинь аралығының пойыз жылдамдығы сағатына 350 шақырым. 






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта