Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Аймақтық форум - оң нәтиже

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» шипажайында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жастарының аймақтық тұңғыш форумы өз жұмысын аяқтады. Астана қаласында қазан айында өткізілетін теміржолшы жастардың Республикалық форумына 55 үздік маман конкурстық байқаудан өтіп жолдама алды.

Аймақтық форумға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент жол бөлімшелері мен Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары - «Локомотив сервис орталығы», «Теміржолжылу», «ТӘКҚ», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының 30 жасқа дейінгі 156 өкілі қатысты.

Олар бес күн ішінде «Болашақ басқарушылар», «Менеджмент жобасы» бағдарламаларын үйренді. «Фотокросс» «ҚТЖ-ға құштарлық», «Ойлан, іске кіріс, жеңіске жет», «Форумның шығармашылық күндері» тақырыптары бойынша фото байқаулары өткізілді.

Форум қорытындысы бойынша 39 адам «Менеджмент жобасы» бойынша ал, 16 жас «Болашақ басқарушылар» байқаулары бойынша Республикалық форумға қатысуға жолдамаға ие болды.

Әділқазылар алқасы жолаушылар вагондарын соқтығысудан сақтайтын құрылғыны жоғары бағалады. Сондай-ақ форумға қатысушылардың назарына Сарыағаш станциясының өткізу мүмкіндігін көтерудің жобасы да ұсынылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Жәрдемнің» алғашқы бағдары аяқталды

«Жәрдем» емдеу диагностикалық пойызы Батыс Қазақстан облысының шалғай станцияларындағы өз жұмысын аяқтады.

Ақпанның -7-сі мен мамырдың 3 күндері емдеу сауықтыру пойызының мамандары 35 станцияны қамтыды. Қазір Астанаға оралып, келесі бағдарға дайындыққа кірісті.

Үш ай ішінде пойыздардағы маман дәрігерлерге 13093 адам қаралды. Барлығы дәрігерлер 41425 рет қабылдау өткізді. Яғни әр клиент үш маман дәрігерге қаралған.

Медициналық персонал құрамында аса білікті 25 маман дәрігер бар.

«Жәрдем» емдеу-сауықтыру поезы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп селолық тұрғындарды қол жетімді медициналық қызметпен қамтудағы ұйымдастырған екінші поезы.

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: Ауыл тұрғындары үшін меди¬циналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет. Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба – мамандандырылған емдеу-диагнос¬ти¬калық екі «Денсаулық» пойызы жұ¬мысын бастады. Олар еліміздің ең шалғай түкпір¬лерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады. Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз. Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады,-деп ерекше атап өткен болатын.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, үшінші емдеу-сауықтыру поезын жасақтайды. Ол еліміздің шалғай станцияларындағы жергілікті тұрғындары медициналық қызметпен қамтитын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Жастар форумы - кәсіби өсу мен жеке тұлғаның қалыптасуы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» шипажайында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жастарының аймақтық форумы өткізілді. Жастар форумына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент жол бөлімшелері мен Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары - «Локомотив сервис орталығы», «Теміржолжылу», «ТӘКҚ», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының 156 өкілі қатысты.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2009 жылдың 24-шілдесінде «2009-2011 жылдарға арналған жастар саясатының бағдарламасын» белгілеген болатын. Оны Ұлттық компания басқармасы бекіткен. Міне, осы бағдарлама біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Астанада республикалық жастар форумы өткізілсе, аймақтарда жастар лагерлері ұйымдастырылды. «Сарыағаш» шипажайында өткен кезекті аймақтық жастар форумы «Жастар- темір жол болашағы» деген ұранды ұстанды.

- Аймақтық форумға жастардың қатысуы Астанада өткізілетін Республикалық қорытынды форумға қатысуға жол ашады. Ол арқылы жастар қызмет бабы бойынша өсуге, кәсіби біліктілігін көтеруге, компания есебінен магистратуралық бағдарлама арқылы оқуларына мүмкіндік алады,-деп атап өтті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Асхат Акчурин.






Жылжымалы құрам жаңғыртылады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тобының «Локомотив» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ –ның ұзақ мерзімдік заемына ие болды.

Барлығы 75 млрд. теңгені құрайтын қаржының 15 млрд. теңгесі «Локомотив» АҚ-ына локомотив паркін жаңғыртуға бөлінсе, 60 млрд. теңгесі «Қазтеміртранс» АҚ-ының вагон паркін жаңғыртуға жұмсалады.

Заем ұлттық валюта түрінде 2017 жылға дейін беріліп отыр. Аталмыш несие «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының корпоративтік кепілдемесі негізінде қамтамасыз етілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Қазақстан - Қытай жүк тасымалдаудың жаңа мүмкіндіктері

Пекинде Достық-Алашаңқай шекаралық бекетін дамытудың жетінші жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Отырысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қытай теміржол министрлігі өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 2011 жылы Достық –Алашаңқай шекаралық бекеті арқылы жүк тасымалдаудың көлемі және контейнерлік тасымалдауды жүзеге асыру жайы талқыланды. Тараптар Достық-Алашаңқай арқылы жүк тасымалдаудың болжалды көлемі және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Алтынкөл- Қорғас темір жол телімдерін 2011 жылы түйістіру жайы қаралды.

Отырыс соңында Достық –Алашаңқай арқылы жоспарлы жүк тасымалы көлемін қамтамасыз ету мен Чунцин- Дуйсбург арасында тұрақты контейнерлік поезды жүргізу Хаттамасына қол қойылды. Қытай темір жол министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында халықаралық жүк тасымалы жөнінде электрондық мәлімет алмасудың келісімі бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Сондай-ақ, Пекинде қазақстан-қытай темір жол көлігі әріптестігі саласындағы кіші комитеттің 7-ші отырысы жұмысын аяқтайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Қазақстан темір жолы» Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне поезда тегін жүруге жағдай жасайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай 2011 жылғы мамырдың 1- 30 аралығында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне жолаушылар поездарында тегін жүруге мүмкіндік әперу акциясын ұйымдастырып отыр.

Соғыс ардагерлері мен мүгедектері бір ай бойы Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында тегін жүре алады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне шыққан сапарларында олар бару-қайту билеттерін бірге ресімдеуі тиіс.

Мерекелік акция аясында ардагерлер бару –қайту нүктелеріне дейін поездардың барлық категориялары мен бағдарларында, сонымен қатар қала - аралық поездарда да купелік вагондарымен жүреді. Атап өту керек, бұл акция «Тальго» поезымен жүруге ықпал етпейді.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өздерімен бірге жеке куәліктері, Ұлы Отан соғысы ардагері немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы тиіс.

Акция өткізу тұрғысындағы барлық ақпараттарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ының темір жол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін 105-ші анықтама телефондарынан алуға болады.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






«Қазтеміртранс» АҚ-ның таза табысы 13,191 млрд теңге

«Қазтеміртранс» АҚ-ының («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 100 пайыздық еншілес кәсіпорны) және еншілес кәсіпорындарының 2010 жылғы аудиторлық есебі бойынша таза табысы 13 миллиард 191 миллион теңгені құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге жоғары көрсеткіш.

Ұлттық компания мен сырт мекемелердің жүк вагонымен қамтамасыз етуі 2010 жылы 16,2 миллион вагон-тәулікке жеткізілді. Жоспарлы тапсырма 15,8 миллион болатын.

Аталмыш мерзімде 17 мың вагон жөндеуден шығарылды. Оның ішінде 1794-і күрделі жөндеуден өткізілді.

Осы аралықта «Қазтеміртранс» АҚ вагон жөндеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтарын жаңғыртуға күрделі қаржы бөлінді. Арыс, Орал, Балхаш станцияларындағы вагон жөндеу кәсіпорындарына осы мақсатқа 112 миллион теңге жұмсалды.

Вагондар мен олардың қосалқы бөлшектерінің есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі (АСУ) өндіріске енгізілді.

Компанияның жүк паркін толықтыру мақсатында 2010 жылы 1200 жүк вагоны сатып алынды. Оның 182-сін отандық кәсіпорындар шығарды.

«Қазтеміртранс» АҚ Қазақстан Республикасындағы ірі жүк вагоны паркінің операторы болып саналады.

«Қазтеміртранс» АҚ негізгі қызметімен бірге жылжымалы құрамды жөндеу, жүк вагондарын жаңғырту, көліктік-экпседиторлық қызмет түрлерін де көрсетеді.

«Қазтеміртранс» АҚ Баспасөз қызметі






Жастар форумы - кәсіби өсу мен жеке тұлғаның қалыптасуы

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Сарыағаш» шипажайында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жастарының аймақтық форумының салтанатты ашылуы болып өтті. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент жол бөлімшелері мен Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары - «Локомотив сервис орталығы», «Теміржолжылу», «ТӘКҚ», «Локомотив» акционерлік қоғамдарының 156 өкілі форумға қатысуда.

- Аймақтық форумға жастардың қатысуы Астанада өткізілетін Республикалық қорытынды форумға қатысуға жол ашады. Ол арқылы жастар қызмет бабы бойынша өсуге, кәсіби біліктілігін көтеруге, компания есебінен магистратуралық бағдарлама арқылы оқуларына мүмкіндік алады,-деп атап өтті форумға қатысушыларға арнаған сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президент Асхат Акчурин.

Форумның ашылу салтанаты кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті, «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымы жетекшісінің қолынан төрт жас маман партиялық билетті алды. Жас партия мүшелері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін партия бағытын қолдап, қашанда алдыңғы қатардан көрінуге уәде берді.

Жас мамандарға арнап темір жол көлігінің ардагері Оразбай Әбішев сөз сөйледі. Ол жастарға отандық теміржол көлігін дамытуға талмай қажырлы қызмет ете беруге сәттілік тіледі. ҚТЖ Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма менеджері Венера Ахметова жастардың аға ұрпақ өкілдерінің өмірлік тәжірибесін үлгі тұта отырып, сенімге сай лайықты қызмет етуге жастардың дайын екендігін жеткізді.

Жастар форумына қатысушылар ҚТЖ Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі Басқарма бастығы Қорлан Медиханованың әңгімесінен ҚТЖ-дағы Жастар саясаты, олардың міндеттері мен мақсаттары турасында толық мағлұмат алды.

Форумның ашылу салтанатынан соң жастар шипажай төңірегіне тал отырғызды. «Жастар –темір жол болашағы» деген жазуы бар көгілдір шарды ұшырды. Бұл акция еркін самғайтын жастардың қиял армандарымен ұштасып жатты.

Сарыағаштағы форум сәуірдің 30-ына дейін жалғасады. Оның түрлі пікір сайыстарға толы бағдарламасы қызықты. Ол арқылы әр жас өзінің темір жол көлігін дамыту жөніндегі инттелектуальдық ойын қорғап, шығармашылық, танымдық, спорттық бағдарламаларға қатыса алады.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік 37 жоба ҚТЖ-ның Республикалық форумына жолдама алады. Оның 12-сі басқару саласына арналған.

Шығармашылық конкурстың «Фотокросс» туры форумға қатысушылардың әр күні «ҚТЖ-ға құштарлық», «Ойлан, іске кіріс, жеңіске жет», «Форумның шығармашылық күндері» тақырыптары бойынша фото байқаулары өткізіледі.

Форумға қатысушы жастар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындарын аралап, қызықты шараларға куә болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Еңбекті қорғаудың бүкіләлемдік күніне арналады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» сәуірдің 28-інде өткізілетін Еңбекті қорғаудың бүкіләлемдік күніне дайындалуда. Сәуірдің 18-27 аралығында Дирекцияның барлық кәсіпорындарында «Абыройлы еңбек» алдын алу акциялары өткізіледі. Онда темір жол көлігіндегі нәтижелі, қауіпсіз, жұмыс орнындағы денсаулық сақтаудың шараларына арналады.

Сәуірдің 28-інде жылма –жыл қоғамдық ұйымдар Бүкіләлемдік еңбекті қорғаудың кәсіби ауруларды, өндірісте қайғылы жағдайларды болдырмаудың амалдарын қарастырады.

Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде өндірісте қаза тапқандарды еске алу, еңбекті қорғаудың алдын алу шаралары туралы айтылады.

Халықаралық Еңбек ұйымының мәліметіне қарағанда, жылма-жыл өндірістегі қайғылы жағдайлардан, кәсіби аурулардан екі миллионға дейін адам қайтыс болады екен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясында» жылма-жыл аталып өтеді. Бұл күндері кәсіпорын қызметкерлері жиналыстар жасап, өндірісте опат болғандарды еске алып, өндірістік және технологиялық талаптарды сақтаудың қажеттігі туралы айтылады. Мүгедектердің үйлеріне барып қызмет көрсетіледі.

Аталмыш күні Дирекцияның студиясына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көліктегі прокуратура, Көліктегі Бас санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, ҚР Теміржолшылары кәсіподағының Орталық кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.

Бұл күні еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің жұмыс қорытындысы шығарылады. Өндірістегі жарақат алу жағдайларын барынша азайтып, жақсы жетістікке жеткен кәсіпорындар марапатталады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Душанбеде ТЖЫҰ темір жолдары Бас директорларының пленарлық конференциясы басталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Душанбеде өтіп жатқан ТЖЫҰ Бас директорлары конференциясына қатысуда.

Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов бастап барды.

Конференция жұмысын «Рохи охани Точикистон» («Тәжік темір жолы») Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны бастығы Амонулло Хукуматолло ашты.

Пленарлық отырыстың күн тәртібінде Еуразиялық темір жол кеңістігінде жүк және жолаушылар тасымалы көлемін өсірудің мәселелері қаралады.

Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Белорус, Вьетнам, Қытай, Корея, Латвия, Литва, Монғолия, Польша, Ресей, Словакия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Чехия, Эстония темір жолдары әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда.

Бүгін делегация басшыларын Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қабылдайды деп күтілуде.

Пленарлық отырыс қорытындысы бойынша ТЖЫҰ Бас директорлары Конференциясының 26-шы отырысының хаттамасына қол қойылмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта