Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қарағанды жол бөлімшесінің бастығы тағайындалды.

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Персоналды басқару және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Асхат Акчурин «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры болып тағайындалған Аманбай Төлеушинді еңбек ұжымына таныстырды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенттің міндетін атқарушы Е. Қизатовтың 13.05.2011 жылғы № 195 бұйрығымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының директорының пайдалану жұмысы жөніндегі орынбасары АМАНБАЙ ТӨЛЕУШИН «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры болып ауыстырылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Кадр әлеуетін күшейту – ҚТЖ стратегиялық саясаты

«Кез- келген компанияның басты байлығы - оның қызметкерлері». «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ осы мақсатты ұстанып, кадр мәселесіне зор мән беріп отыр. Компанияның Астанадағы басты әкімшілік ғимаратында «Кадр әлеуетінің сапасы – Қазақстандағы темір жол көлігін дамытудың стратегиялық ресурсы» тақырыбында екі күндік семинар –кеңес басталды. Бүгінгі отырыс кадр саясатын жүзеге асырудағы бірінші басшының роліне арналды.

Семинарда компанияда жүргізіліп жатқан кадр саясатының негізгі бағыттары мен оны әрі қарай жетілдірудің жолдары қарастырылды.

Семинар кеңес жұмысына Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президент Асхат Акчурин, компанияның кадрлік қызметінің жетекшілері мен қызметкерлері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қатысуда.






«ҚТЖ» ҰК» АҚ тобы бес жылға арналған 450 млн. доллардың еурооблигациясын өтеді

2011 жылғы мамырдың 11-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ тобы бес жылға арналған 2006 жылы мамырдың 11-інде шығарылған 450 млн. АҚШ доллары болатын еурооблигацияны өтеді.

Бес жылдық еурооблигацияны өтеу компанияның несиені жабуға бағытталып жинақталған қоры есебінен жүргізілді. Компанияның қарызын дер кезінде өтеуі оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Сондай-ақ, қарыз алу мен несиелендіру саясатының сапалы жүргізілгендігін дәйектейді.

Қазіргі кезде компанияның қарыз портфелінде он жылға арналған 2016 жылы өтеуді қажет ететін 350 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы және 2020 жылы өтеуді қажет ететін 700 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыздары бар.

Соңғы еурооблигацияның шығарылуы компанияға институциональдық инвесторлардың қызығушылығы туып отырғандығын айғақтайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ болашақта аса маңызды қадамдарын жалғастырады. Сондай-ақ, компанияға сенім артқан инвесторларға алғысын білдіреді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






ҚТЖ: оқыс оқиғаның себеп-салдары тексерілуде

Қызылорда жол бөлімшесінің Түркістан-Шиелі теліміндегі Бесарық-Сауран қума жолында мамырдың 10-ында 12 сағат 10 минутта №381 Ташкент-Уфа бағдарындағы жолаушылар поезы Сатымсай селосының тұрғыны әйел адамды қағып кетті. Бесарық станциясынан он шақырым жердегі селода тұратын әйел оқиға орнында көз жұмды. Оқыс оқиғаның себеп-салдары тексерілуде.






Ерлікке тағзым етуде

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұжымдары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 66 жылдығы мерекесімен құттықтауда.

Теміржолшылар үш күннен бері ардагерлерді марапаттауды жалғастыруда. Компания қашанда соғыс және еңбек ардагерлеріне барынша қамқорлық пен құрмет көрсетіп келеді.

Мамырдың 6-сында Астанада Ұлы Отан соғысының 29 ардагері Отан қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойды. Майдан даласында қалған боздақтарды бір минут еске алды. Одан кейін ардагерлер Ұлттық компанияның басты ғимаратындағы теміржолшылардың тарихи мұражайында болды. Ардагерлерге арналған Құрмет тақтасын тамашалады. Олар қалыптасқан дәстүр бойынша дастархан басында өзара сырласып, арнайы концерт тыңдады.

Теміржолшылар атынан ардагерлерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ермек Қизатов құттықтау сөз сөйледі. Ол соғыс ардагерлерінің асқан ерлігінің нәтижесінде бейбіт заман орнағандығын, соғыстан кейінгі қалпына келтіру жылдары да теміржолшылардың еңбектегі ерліктерін атап өтті. Өз кезегінде ардагерлер де компания басшылығының жасап отырған қамқорлықтарына алғыстарын білдірді. Қазіргі кезде соғыс ардагерлерлеріне емдеу-сауықтыру орындары мен темір жол көлігінде жүруіне жеңілдіктер қарастырылған. Барлық кәсіпорындарда Соғыс және тыл ардагерлерінің Ардагерлер кеңесі қоғамдық ұйымы бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Көмірлі өңірдің өндірісті қолдауы

Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қарағанды облысында іссапарда болды. Темір жол басшысы «Арселор Миттал Темиртау» АҚ зауытының цехында болып, оның базасында темір жол саласына қажетті ірі құйма шығарылатындығымен танысты. Сондай-ақ, «Nord Пром НС» зауытында Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовпен бірге темірбетон шпалын шығаратын өндіріс орнын ашты.

Отандық кәсіпорынның шпалдары барлық талаптарға сай. Жаңа құрал жабдықтарды пайдалана отырып шығарылған өнімдер жылжымалы құрамның сағатына 200 шақырымдық қозғалысы мен 25 тоннаға дейінгі салмақты көтере алады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ отандық өнім өндіруші зауытты жан-жақты қолдауда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі» дирекциясы аталмыш кәсіпорынмен 40 мың шпалды сатып алуға келісім жасасты. «Қамқор менеджмент» ЖШС 84 мың данасын сатып алмақ. Ұлттық компания 2012 жылы «Nord Пром НС» зауытынан сатып алатын шпал көлемін 300 мың данаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының іссапары барысында «Арселор Миттал Темиртау» кәсіпорны басшылығымен, Қарағанды облысы әкімдігі, Теміртау әкімдігі өкілдерімен Теміртау қаласынан ірі өндірістік құйма шығару, жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру шаралары талқыланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Ұлттық компанияның техникалық құжаттар дайындауға, өнімдерді сертификаттауға, әсіресе салада қат жылжымалы құрамды жасақтайтын вагон құралдары жинақтарын жасау зауытын барынша тезірек іске қосуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Ардагерлерге қамқорлық

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Астанада тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Тыл еңбеккерлеріне тиісті қамқорлық көрсетіп келеді.

Биыл Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай компаниядағы жастар олардың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Елордасында тұратын 34 ардагерді құттықтаған жас қызметкерлер гүлдер шоғыры, мерекелік сыйлықтар, Жеңіс күнімен шынайы құттықтауларымен ардагерлердің көңілін бір көтеріп тастады. Ардагерлер де өз кезегінде майдандағы ерліктері, тылдағы жанқиярлық еңбектері туралы әңгімеледі. Компания басшылығына да нақтылы көмектері, емдеу-сауықтыру жеңілдіктері, поезда тегін жүру секілді жасап отырған қамқорлықтарына риясыз ризалықтарын білдірді.

Салада Жеңіс күніне байланысты ардагерлерді құрметтеу рәсімі мамырдың 6-сына белгіленіп отыр. Бұл күнгі мерекелік шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл еңбеккерлері шақырылған. Мереке аясында Астанадағы Отан қорғаушылар мемориалдық кешеніне салтанатты гүл қою рәсімі өткізіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ғимаратында мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама қойылады.

Бүгінде Ұлттық компанияның қамқорлығында 600 ардагер бар. Оларға теміржолшы -әріптестері үнемі қол ұшын беріп келеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Өрттен зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төленеді

Алматы -1 – Қостанай бағдарындағы №43-ші поездың 9-шы вагонында болған өрт салдарынан зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру өтемақылары төленеді. Өтемақыны алу үшін жолаушылар «Альянс полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ына барып, тиісті құжаттарды (жеке бас куәлігі, аурулығы туралы анықтама, шығыны т.т) толтыруы қажет. Сақтандыру өтемақысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық –құқықтық жауапкершілігі туралы келісім шарттарға орай белгіленеді.

Мамырдың 1-інде Алматыдан Қостанайға қарай бет алған поезда Анар станциясында өрт оқиғасы орын алған. Алдын ала тергеу қорытындысына қарағанда, өрт №9-шы вагонның тамбурынан шыққан. Поез бригадасы жедел әрі ұйымдасқан түрде апаттың таралуына жол бермеді. Жолсеріктер жылжымалы құрамды тоқтатып, жолаушыларды вагоннан шығарып үлгерді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.

Вагонның дәретханасы, проводник купесі, алғашқы жолаушы купесі залалданды. Астанаға поез екі сағат кешігіп келді. Осы станцияда жолаушылар басқа вагонға ауыстырылып отырғызылды.

Аталмыш факті бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан құрылған арнайы комиссия тергеу амалдарын жасауда.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметі






Ерлік даңқы өшпейді

Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай көлік және коммуникация колледжі студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесу «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының конференц залында болды.

Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті теміржолшы Михаил Петрович Кочетков студенттерге майдан даласындағы ерліктері мен Отан алдындағы абыройлы істері туралы баяндады. Жастарды төрт рет жараланып, қайта майданға аттанған жауынгердің ерлігі таң қалдырды.

Кездесуден кейін студенттер Қазақстан темір жолының тарихы мұражайымен танысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржолшы ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысының 600 ардагеріне темір жол көлігінде және емдеу-сауықтыру орындарына жеңілдіктері сақталған.

Теміржолшы ардагерлер ұйымы Қазақстандағы ең ірі қоғамдық ұйымдардың қатарынан саналады.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі






Инновациядағы жаңа келісімдер

Бүгін Астанадағы 4-ші экономикалық форум аясында теміржол саласындағы әріптестік туралы бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Альстом холдингінің вице-президенті Бернар Гонэ арасындағы қол қойылған келісім шартқа орай, Қазақстанда бағыттауыш бұрманың электр жабдықтарын жасайтын бірлескен кәсіпорын құрылады.

Қазақстан Республикасында ашылатын бағыттауыш бұрманың электр жабдықтарын жасайтын кәсіпорынға Альстом өнімдері мен техникалық шешімдері пайдаланылады.

Ол алдымен темір жол саласындағы кәсіпорындардың сұранысын қанағаттандырады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Систра СА» компаниясының аға атқарушы вице-президенті Андре Онайзермен қол қойылған келісімге орай, франсуз компаниясы Астана –Алматы жоғары жылдамдықты теміржол магистралы құрылысының техника-экономикалық дәйектемесін жасауға консалтингілік қызмет көрсетеді.

«Систра СА» компаниясы жоғары жылдамдықты темір жол желісін жасауда Франция, Иран, Марокко, Қытай, Испания, Сауд Арабиясы секілді елдерде мол тәжірибе жинақтаған.

Астанадағы келісімдер Мемлекет Басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан индустриялық –инновациялық бағдарламаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ының шетелдік ірі әріптестерімен бірлесе қолдау көрсетіп отырғандығын айғақтайды.

Маңызды құжаттарға қол қою рәсіміне ҚР Премьер министрі Кәрім Мәсімов қатысты.

«Қазақстан темір жолы» Баспасөз қызметі






Syndicate content

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта