Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Әлеуметтік жұмыстар

Астана станциясы – қызметкерлерге әлеуметтік кепілдік

Филиалда жұмыс басқаруды одан әрі жетілдіру мақсатында 2017 жылға дейін техникалық және адам қуаттарын дамыту функционалдық стратегиясы әзірленді және бекітілді, сол себептен стратегияны жүзеге асыру бойынша 5 негізгі бағыттар анықталды.

 Стратегияны іске асыру ең алдымен филиалда бұқаралық кәсіптердің білікті кадрлы мамандар мен жұмысшылардың, сондай-ақ адам ресурстарын тиімді дамыту қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, филиалдың қызметкерлерін ынталандырудың және өндірісті- экономикалық тиімділігін арттыру жұмысының құралы - қызметкерлердің алдында әлеуметтік салаға қатысу және міндеттемені орындау болып табылады.

Қызметкерлерді ынталандыру бағытындағы жұмыстар

Филиалда негізгі капитал - адам. Жалпы алғанда, мекемеде 663 адам, оның ішінде 365-і әйелдер жұмыс істейді. Жас құрылымы бойынша төмендегі жұмыскерлер кіреді: 30 жасқа дейін – 214 адам немесе 32,3 % , 31 ден 40 жасқа дейін – 325 немесе 49%, 41-ден 50 жылға дейін-108 немесе 16,3%, 51 - 63 жасқа дейінгі 16 немесе 2,4%. Тәулік бойы бұл қызметкерлер елорда мегаполисінде темір жолдың үздіксіз жұмысын және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді.

2014 жылында 94 жаңа қызметкерлер, оның ішінде тікелей пойыздардың қозғалысы жұмысымен байланысты 64 қызметкерлер қабылданды. Филиалдың астаналық мәртебесіне қарамастан, қызметкер айналымы айтарлықтай төмендеді және 9,4 % деңгейінде қол жеткізілді. Бұл статистиканың өзгеріссіз қалу себебі - филиал «астана аумағының еңбек ресурстарының капитал көзі» болып табылады және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның (одан әрі- Қоғам) мансап дамыту үшін түрлі құрылымдық бөлімшелеріне өту қажеттілігі болып табылады.

Филиалға жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 23 жас мамандар қабылданды. Олармен қазіргі уақытта өз біліктілігін арттыру үшін біз белсенді жұмыс, онымен қоса төтенше іс-қимыл және стандартты емес жағдайларда мақсатында жұмыс істелініп жатыр.

Персоналды басқарудың нормативті-құқықтық базасын жетілдіру жұмысы жалғасуда. Еңбек қызметкерлерін ынталандыруды жақсарту және резервтік оқытудың сенімді жүйесін құру мақсатында «2014-2016 жылдарға қозғалыс цехының орта буын командирлері резервтерін дайындау үшін индикативтік жоспарын бекіту туралы» бұйрық . әзірленді. Осы жоспарға сәйкес 48 жұмысшылар білімін арттырды.

Жылдық қызметкерлер тексеру нәтижесінде алынған баға- 26,4 балл, бұл деген Қоғамның кадр саясатына сәйкес персоналды басқару жүйесі қызметінің тиімді және тиісті қызметін растайды. Біліктілік лауазымы бойынша басшылар - 100%, мамандар - 96,2% , қызметкерлер - 80,7% құрайды. Білімі бойынша сәйкестік басшылар - 100%, мамандар - 90,7% қызметкерлер - 84,7% құрайды.

Сонымен қатар, салалық көтермелеу және мерекелік марапаттау арқылы қызметкерлерді моральдық және материалдық қолдау жүйесі жұмыс істейді.

Көктемгі мерекелер «Халықаралық әйелдер күні» 365 әйел және «Наурыз» мейрамында филиал әкімшілігі атынан қызметерлерге ақшалай өтемақы төленді, сонымен қатар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, мерекелік шай өткізілді мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Ұлы Отан соғысының 63 ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін демеушілердің қолдауымен Жеңіс күні кафеде мерекелік түскі ас өткізілді, концерт ұйымдастырылды, «Заречная көшесіндегі көктем» ретро-фильмінің көрсетілімі болды.

«Балаларды қорғау күнін» атап өту үшін «Ғажайып бала 2014» фотоконкурсы мен 13 жасқа дейінгі балаларға арналған костюммен әрленген іс-шаралар өткізілді, жүлделермен және ескерткіш кәдесыйлармен барлық қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды, сондай-ақ қызметкерлер балаларыра астаналық циркке қатысу сапары ұйымдастырылды .

«Көлік күні» мерекесіне орай 20 қызметкерлерге дипломдармен және бағалы сыйлықтармен тапсырумен салтанатты жиын ұйымдастырылды, сондай-ақ жазғы кафеде корпоративтік іс-шара өткізілді.

Филиалдың барлық қызметкерлеріне Жаңа жылдық тойлау үшін, сондай-ақ қызметкерлердің 428 балаларына сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ, 400 балаларға арналған, «Керуен» қалалық ойын-сауық орталығында және М.Горький атындағы драма театрында жаңажылдық кеш ұйымдастырылды.

Персоналды оқыту және жетілдіру

2014 жылы барлық оқу орталықтарында бұрын жоспарланған оқыту тренинг курстарынан 17 адам өтті. Барлық шығындар - тұру, купевагондарында келу және қайту ақысы, тәуліктік шығындар қызметкерлерге Қоғамның есебінен төленді .

Ерекше назар филиалындың тәлімгерлік институтына аударылады. Олардың сапалы оқытуы және тәлімгерлік қызметі қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тікелей байланысты. Мәселен, бір жыл ішінде тәжірибеден әзірлеу және бекітуімен жеке жоспарларымен 40 оқытушылар тағайындалды. Сонымен қатар, барлық 40 қызметкер уақытылы оқытылды. Осы мақсат үшін филиалда бағдарламаны және іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында барлық жоспарланған «Жастардың бейімделу күні» атымен 6 іс-шаралар өткізілді.

Филиалда 51 алғашқы қысты өткізетіндер жұмыс жасайды, сонымен қатар пойыздардың қозғалысымен байланысты 51 қызметкерлер үшін қозғалыс қауіпсіздігін және еңбек қорғауды қамтамасыз ету үшін олардың жауапкершілігін арттыру екенін ескере отырып, кәсіби дағдыларын, талабын анықтауда жаңадан жұмысқа келгендермен жеке сұхбат өткізілді, техникалық деңгейі және практикалық оқыту тәжірибесі енгізілді, сондай-ақ елордада тұрғылықты әлеуметтік жағдайлар туралы айтылды.

Қоғамның орталық аппаратынан және жол бөлімшелерден алынған мультимедиялық оқыту бағдарламалары техникалық оқу отырыстарын өткізу тәжірибелері енгізілген.

Тасымалдау шаруашылығында болған ақаулардың себептерін терең зерттеу үшін, біз «бір парақта» принципі бойынша ситуациялық схемасын әзірледік, әрбір қатысушының және жіберілген ақаудың көрнекі схемасы жасалды.

Сұрыптау дөңесін техникалық құралдармен жабдықтау, қайта құру және жаңғыртудан кейін 30 қызметкермен бейімдеу оқытуы өткізілді. Тренинг мақсаты - КЗ-3ПK типті «жаңа» вагон баяудатқыштардың жұмысын басқару және ағытылған тиімді тежеу үшін дағдыларды дамытумен практикалық көрсету. Бұл оқиғалар ұйымдастыру тұрғысынан вагондарды ағыту кезде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды болды. Сондықтан, станцияның сұрыптау дөңесінде қайта жаңарту процесінде 27 вагон баяудатқыштарға монтаж жасалынды. Бұл құрал энергетикалық шығындарды аз мөлшермен және осындай қуаты өнімділігін-ақ олардың техникалық сипаттамалары ерекшелінеді.

Сұрыптау жүйесі ақау туғызғыш жұмыс орны екенін ескере отырып, түрлі семинарлар негізінде, басқа байланысты кәсіпорындар бірлігіндегі қызметкерлерімен қатысымен мынадай ұсынымдар әзірленді және енгізілді:

1. Кезекшілер мен сұрыптау операторлары жұмысында стандартты емес ықтимал 22 оқиғасын алдын алу және оларды болмау үшін «Сұрыптау дөңесінен құрамдардың қалыпты жағдайда ағытылу тәртібінің бұзушылықтарының (ауытқулар) үлгі тізбесін және олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар» қарау;

2. Вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілердің жұмысында ағылымдарды тежегішпен тежеуде стандартты емес ықтимал 36 оқиғасын контролердің іс тежеу түйреуіш, ағыту, тежеу «тежегіш нормаларының ауытқу себептерінің тізбесі және оларды алдын алу бойынша шаралар» қарау.

Илецк сұрыптау станциясында 06.11.2011ж. орын алған тежеу кезінде жылжымалы құрамның рельстен шығып кету жағдайына байланысты 11.11.2011 ж. №1495-ЦД телеграф нұсқаумен вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілермен қайта бұзушылықтар мен ақаулықтар жібермеу мақсатында қосымша шаралармен қатар 16.11.2011ж. «Қауіпсіз тежеу ағытудың кейбір мәселелері туралы» №496 бұйрығы шықты.

«ҚТЖ» ҰК АҚ-мен жастар саясаты шеңберіндеөткен шараларға біздің филиалдың 26 қызметкері жіберілді. Олар «Сен болмасаң, кім?» ұранымен жастар корпоративтік лагерьлерде қатысты, «Жастар - Теміржол болашағы» жас қызметкерлердің аймақтық форумына «Менеджмент жобасы» және «Болашақ басқарушылар» бағдарламасы бойынша қатысты. Филиал басшылығының шешімімен 11 филиал қызметкерлері станцияда қызметтік сатымен жоғарылады және 7-і Қоғамның түрлі аффилирленген компанияларының тұрақты жұмысқа ауысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шеңберінде өткізілген «Жастар - теміржол болашағы» ІІ-ші Республикалық форумына филиалдан 4 қызметкер жіберілді. «Жобаларды басқару» бағдарламасы бойынша 3-орын алған Ахметжанов Азамат өзінің «Жылжымалы құрамды бекіту үшін тежегіштерге ескерту түстерін енгізу» деген инновациялық жобасын таныстырды. Бұл жобаның ерекшелігі нашар көріну жағдайында қатаң түгендеу есеп жұмысының сапасын арттыру арқылы қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады. Диплом тапсыру марапатын біздің Компания Президенті жасады.

Сондай-ақ, білімді насихаттау, терең зерттеу, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі басшылыққа алынатын құжаттар мен нұсқауларды орындау және дарынды жастарды байқау мақсатында «ПТЭ, ИДП және ИСИ –ді үздік сарапшы» деген конкурс шілде айында 15 қатысушылар мен жеңімпаздарға кәдесыйлар тапсырумен өтті. Ең белсенді конкурсқа қатысушылардың ішінен үшеуі қызметте жоғарылады.

Жарақаттың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту

Филиалдағы жұмыстар барысында біздің қызметкерлердің денсаулығына негативты әсер ететін жағдайлар бар, олар : шу , төмен жарық, вибрация, еңбек ауырлығы және химиялық фактор. Бұл құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысты болу себепті. Локомотив және вагон шаруашылықтары, электрлендіру және электрмен жабдықтау жұмыстары қауіпті және зиянды өндірісті факторлармен байланысты . Осы жүйе темір жол саласында ондаған жылдар бойы қалыптасқан.

Филиалда өндірістік жарақаттар және қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін бұзылуын алдын алу мақсатында 2010 жылы 07 шілде айында № 02/12 хаттамамен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі ұйымдастыру Ережелері негізінде, еңбекті қорғау жүйесі әрекет етеді.

Жалпы алғанда, еңбек жағдайларын және қауіпсіздігін арттыру барысында 10 іс-шараларды іске асыру, оны дамыту үшін бөлінген 12 млн. тенге арнайы киім, аяқ-киім және жеке сақтау құралдары үшін жұмсалды. Жылжымалы құрамның жұмыс жағдайына байланысты станция қызметкерлеріне 100 дана радиостанция сатып алынды. Жұмыс орындарына 100 жаңа жиһаз сатып алынды. 50 дана тұрмыстық техника электр құралдары сатып алынды. 80 дана көрме құралдар, еңбек қорғау және қауіпсіздік белгілері алынды, барлығы 9 млн. тенгені қүрайды.

еңбек қорғау және жеке қауіпсіздік жөніндегі білімін зерттеу, тереңдету мақсатында «Бүкіл дүниежүзілік еңбек қорғау күніне» байланысты 12 қызметкерлердің қатысуымен викторина ұйымдастырылды, және олар зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету мен қадамдар тәртібі туралы үздік нәтижелер көрсетті, соның нәтижесінде жүлделер мен мақтау қағаздарымен марапатталды.



Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және санаториялық-курорттық

Компания қызметкерлеріне міндетті және ерікті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы, соның ішінде, медициналық қызметтердің Компанияның ауқымына байланысты алуға мүмкіндік беріледі.

Түрлі сақтандыру жағдайлармен қызметкерлердің сақтандыру жүйесі бар. Сондықтан, «Казахинстрах» сақтандыру компаниясымен ауруы белсенді жағдайларда ынтымақтастық еркімен 313 келісім-шарт, жұмыс істеу кезінде авариялар мен кәсіби аурулар болуы себепті «Казкоммерц-Полис» АҚ-мен міндетті түрде - 655 кісіге келісімшарт жасалды.

Жыл ішінде сақтандыру компаниясы «Медикер» қолайлы шарттармен медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жыл сайын амбулаториялық және стационарлық емдеу үшін қызметкерлерден сақтандыру сомасының тек зейнетақы жарнасы мен және табыс салығы төленеді.

Компания біздің қызметкерлер үшін 16 ірі Қазақстан мен Ресей аумақтарындағы курорттар мен сауықтыру мекемелерімен шартқа отырып, «Алтын Қарғалы» (Алматы), «Қапал-Арасан» (Талдықорған), Кавказ Минералды сулары және Кавказдың Қара теңіз жағалауында, «Атырау» (Атырау), «Мойылды» (Павлодар), «Сосновый бор» (Қостанай), «Березка» (Қарағанды), «Сәкен Сейфуллин», «Оқжетпес», «Бұғы-Бурабай» (Бурабай курорт), «Рахманов» (Өскемен)», «Жемчужина Зауралья» «(Шадринск), «Волга» (Саратов), «Долина Нарзанов», Есентуки «Кисловодск» курорттарымен жұмыс жасайды. «Стандартты» санатына арналған 12 күндік демалыс жалпы құны 45-126 мың орташа құрайды. Сонымен қатар, жұмысшылар жалпы бағасының тек 10-20 пайызын және зейнеткер 10% төлейді. Оңалту емдеу үшін, 199 адамдар мен олардың отбасы жіберілді, оның ішінде 99 жұмыс істемейтін зейнеткерлер.

Жұмысшылар денсаулық сақуықтыру лагерлеріне өз балаларын жіберуге мүмкіндіктері бар. Денсаулық сақтау ұйымдарында филиалдың 45 қызметкерлерінің 50 баласы демалды - Түркия, «Discovery Бурабай» (Бурабай) және « Мадагаскар » (Алматы) лагерлері.

Дене шынықтыру және спортты дамыту

Қызметкерлердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыруға ықпал ететін, дене шынықтыру мен спортты дамытуға көп коңіл бөлінеді.

Ең танымал спорт командасына 88 адам қатысты. Атап айтқанда танымал болған спорт түрлері: футбол - 40 адам , немесе 45% , волейбол - 27 немесе 30% , ал қалған (үстел теннисі, боулинг, бильярд, асық, дартс, ату, шахмат және дойбы) - 21, немесе 25%. Спорттық іс-шара «Каспий», «Астана» қалалық спорт және басқа да мамандандырылған мекемелер кешенінде өткізілді.

Зейнеткерлер мен ардагерлерге қамқорлық, қызметкерлерге материалдық көмек көрсету

Компания мен оның еңбек ұжымдары арасындағы Ұжымдық келісім шартпен қызметкерлерге материалдық қолдау негізгі бағыттары анықталған. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның 5 кездесуімен 100 өтініш қаралды, оның ішінде 28 зейнеткерлер, жалпы сомасы 4,7 млн. астам теңге бөлінді.

110 қызметкерлер мен 155 зейнеткерлерге протездеу үшін материалдық көмек бөлінген.

Жас отбасын құру үшін 84 қызметкерге көтермелеу ретінде жалпы сомасы 753 мың тенге жәрдемақы төленді, некеге тұруына байланысты қосымша 3 күн ақылы еңбек демалысы беру қарастырылған .

Филиалдың 55 қызметкерлеріне жаңа туған нәресте үшін немесе бала асырап алушы отбастарына 2 ең төменгі жалақы мөлшерінде қаржылай көмек берілген.

Сондай-ақ, кезекті еңбек демалыс барысында қызметкерге, сондай-ақ отбасының екінші мүшесі пайдалана алатын Қазақстан Республикасының және ТМД аумағында купелік вагондармен темір жол бойынша жол шығындарының орны қайтарып беріледі. Бұл өтемақы төлемдері 201 адамды, оның ішінде 18 зейнеткер құрайды.

Ерекше құрмет еңбек жылдары теміржол саласын дамытуға ұзақ жылдар еңбегі ескеріліп, 55 жас әйел, 60 жас ерлерге мерейтойларына бір реттік материалдық көмек беріледі.

Біз әлеуметтік жәрдемақы алуға қаражат арттыру, жылдан жылға, қызметкерлер мен зейнеткерлер үшін әлеуметтік жауапкершілік алдық. Бүгінде 284 зейнеткерлерге үнемі жан-жақты және материалдық қолдау көрсетіледі. Филиалдың 16 қызметкеріне зейнетке шығуына байланысты 2 млн тенгеге біржолғы төлем бөлінді.

Теміржолшы зейнеткерлерге 70, 80, 90 мерейтойлар мерекелеу кезінде 22 зейнеткердың шоттарына 220 мың ақшалай төлемдер берілді.

1,2 млн сонымен қатар қаржылай көмек, «Қарттар күні», «Жеңіс күні», «Көлік және байланыс күні » мерекесінде төленді.

Жақын туыстары қайтыс болуына байланысты 17 қызметкерге қосымша еңбек ақысы төленетін 3 жұмыс күн және материалдық көмек берілген. Сондай-ақ, теміржолшы зейнеткер қайтыс болуына байланысты жерлеуге 15 зейнеткерлерге 340 мың тенге көлемінде материалдық көмек бөлінген.

Жалпы, Филиалда бірінші кезекте теміржол қызметкері мен зейнеткер үшін бағытталған әлеуметтік жауапкершілік және ынталандыру қуатты жүйесін қарасытырлған. Сонымен қатар, біздің Компанияның берік дамуына бағытталған әрбір қызметкердің барынша әлеуметтік жұмысы және берілгендік жүзеге асырылады деп сенеміз, біріккен күш жігеріміз Компанияның дамуы мен елдің әл-ауқатына оң нәтиже береді.

 

«ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ» БЕЛГІСІМЕН ЖӘНЕ ОРДЕНДЕРМЕН МАРАПАТТАЛҒАН СТАНЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ



Салимгиреев Мухамет

1928 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Еңбек қызметін 1950 жылы бастады. 1956-1988 жылдар аралығында Ақмола станциясында поез құрастырушының көмекшісі, поез құрастырушы лауазымдарында қызметін атқарды.

Бейсенов Дакен Сыздықұлы

1929 жылы дүниеге келген. Станцияда 1970-1989 жылдар аралығында поез құрастырушының көмекшісі қызметін атқарды. «Құрмет белгісімен» марапатталған.

Ередохов Александр Трофимович

1936 жылы дүниеге келген. Станцияда 1960 жылдан бастап қызмет атқарды, жалпы еңбек өтілімі 32 жыл. Поез құрастырушысының көмекшісі, поез құрастырушысы, белгі берушісі, орталықтандырылған бекет операторы лауазымдарында жұмыс атқарған. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Григорьев Иван Григорьевич

1945 жылы дүниеге келген. Станцияда 1968-1998 жылдар аралығында поез құрастырушы қызметін атқарды. Өзінің еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Сулейменов Мустафа Сулейменович

1932 жылы дүниеге келген. 1973-1989 жылдар аралығында станция кезекшісі, станция диспетчері лауазымдарында қызмет атқарған. Кәсәподақтың коитетін басқарды. Өзінің еңбегі үшін «Ленин» орденімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Ночвай Сергей Максимович

02.01.1942 жылы Украина КСР-і Смолдеров ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Ақмола теміржол училишінде орта білім алған.Еңбек қызметін 1961 жылы Целиноград станциясында тоқтатушының көмекшісі, поез құрастырушы, механикалық дөңес операторы, (тақ, жұп, қалыптастыру) парккезекшісі лауазымдарынан басталған. 1966 жылы маневр диспетчері, ЭЦ-1,2 теміржол станция кезекшісі болып, 1980-2005 жылдар аралығында станция диспетчері болып жұмыс атқарған. Ұзақ Ұзақ мерзімді және мінсіз жұмыс атқарғаны үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Жашибаева Алтынай Абдулловна

10.09.1949 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. Целиноград теміржол техникумінде орта-техникалық білім алған. Еңбек қызметін Целиноград станциясында вагондардың тізімін көшірушісі лауазымынан бастаған. Косчеку станциясының №34 разъезінде станция кезекшісі, Целиноград станциясында парк кезекшіі және ЭЦ-1,2 станция бекет кезекшісі болып жұмыс атқарған. 1980 жылы еңбек қауіпсіздік әдісінің нұсқаушысы, 1982 жылы еңбек қорғау инженері болып аустырылған. Станцияда өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болып қызме ақарған. 2004 жылы мінсіз жұмыс атқарғаны ұшін «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Олейник Василий Харитонович

Украина КСР-інің Винц ауданының Степашкино ауылында дүниеге келген. Целиноград теміржол көлік техникумінде техникалық орта білім алған. Еңбек қызметін 1965 жылы целиноград станциясының Баранқұл разъезінде: тоқтатушы тезеткіші, механикалық дөңес операторы, орталықтандырылған станция бекет кезекшісі, ЭЦ-1 станция кезекшісі, маневр диспетчері, /жергілікті жұмыс бойынша/ маневр диспетчері . 1984 жылы еңбек қауіпсіздік әдісінің нұсқаушысы, ал 1985 жылы кадрларды дайындау инженері болып ауыстырылған. Ұзақ мерзім және мінсіз жұмыс атқарғаны үшін 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Дыков Сергей Александрович

1927 жылы дүниеге келген. 1954-1987 жылдарда поез құрастырышы қызметтінде жұмыс атқарған. Өзінің еңбегі үшін «Қазан революциясы» орденімен, «Құрмет» белгісімен марапатталған. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған

Федотов Сергей Алексеевич

1934 жылы дүниеге келген. 1985-1993 жыл поез құрастырушы қызметінде 35 жыл жұмыс атқарған. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Мицуто Тамара Константиновна

1937 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілімі 34 жыл. 1957-1992 жылдар аралығында станцияда: списчик, техконторшы, маневр диспетчері, парк кезекшісі, станция диспетчері, жүйелік диспетчері, техникалық кеңсенің бастығы, ЭЦ-2 станция кезекшісі қызметтерін атқарған. Өзінің ұзақ еңбегі үшін 101 рет марапатталды, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Негмеджанов Калихан

1933 жылы дүниеге келді. 1972-1991 жылдары поез құрастырушысы қызметін атқарған «Құрметті теміржолшы», «Еңбек ардагері» белгілерімен марапатталған.

Зиганшина Нейля Бориевна

1929 жылы дүниеге келген. Станцияда 44 жыл қызмет атқарған. 1949-1993 жылдар аралығында жүк қабылдап тапсырушысы, аға жүк қабылдап тапсырушысы, /жергілікті жұмыс бойынша/ маневр диспетчері қызметтерін атқарған. «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Еңбек айбыны» медалімен марапатталған.

Окасов Толеухан

Шығыс Қазақстан облысы Ақжар Тарбағатай ауданында 24.09.1946 жылы дүниеге келген. 1972 жылдан бастап қазіргі вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушісі болып, аға вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушісі, ал содан кейін вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушісінің жеке бригадірі болып қызмет атқарған. Ол өзінің адал еңбегі үшін адал еңбегі үшін 1986 жылы Еңбек даңқы ІІІ-і дәрежелі орденімен марапатталды. 1993 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Дуйсембаев Сагадалла Сагадиевич

Ақмола облысы Алексеев ауданындағы Кенес ауылында 19.10.1946 жылы дүниеге келген. Ташкент инженерлер теміржол көлік институтында жоғарғы білім алған. Еңбек қызметін Павлодар станциясында аға таразшысына қызметін бастаған, кеңес армия қатарындағы қызметінен кейін бұрынғы лауазымын Жана-Аул станциясында жалғастырған. 1970-1974 жылдары одан әрі мансабын Атбасар станциясында тауар кассирінен бастап, жүк ауласының меңгерушісінен станция басшылығына дейін көтерілген. Ұйымдастырушының зейіндерін ескере, Есіл станциясында басшы болып ауысқан, ол 1 жылдан кейін 1975 жылы Целиноград жол бөлімшесі бастығының орынбасары болып тағайындалып 1986 жылға дейін жұмыс атқарған.Ақмола жол бөлімшесіндегі білімімен, Арқалық станциясында жүк және коммерциялық жұмыс бойынша жол бөлімшесі бастығының орынбасары болып ауыстырылған. 1990 жылы Торғай обылысына станция басшысы болып ауыстырылған, 1998 жылдан бастап фирмалық транспорт қызмет көрсету кірме жолдары бойынша бөлім бастығының қызметін атқарған.

1998 жылдан ДГП «Желдорэкспедиция» білімімен Ақмола қаласына Агенттіктер басшысының орынбасары болып ауыстырылған. 1997 жылдан бастап фирмалық транспорт ауыстырылған. 1999 жылдан 2008 жылға дейін бас директордың өкілдіктері РМК «ҚТЖ» ( ҰҚ «АҚ» Қазақстан темір жолы президенті) Солтүстік аймағының бас инспекторы лауазымын атқарған. 2009 жылдан –ҰК «АҚ» «Қазақстан темір жолы» -Астана станциясында» өндірістік-техникалық басшысының орынбасары. Өзінің ұзақ еңбегімен және тиімділігімен өндіріс басқармасының алғыс хаттарымен жиі көтермеледі, сонымен қатар 1995 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Назарбеков Ерболат Кадырович

03.03.1964 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Алматы инженерлік теміржол көлік институтын бітірген. Еңбек қызметін 1986 жылы парк кезекшісінен бастаған, ЭЦ-2 орталықтандырылған бекет кезекшісі болып жұмыс атқарған, станцияда шұғыл жұмыстар бойынша бастығының орынбасары болған және 1993-2005 жылдар аралығында екі рет Астана (Ақмола) станциясының бастығы болып жұмыс атқарған. 2004 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.

Батуев Артем Павлович

23.01.1964 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Алматы инженерлік теміржол көлік инсттутында жоғары білім алған. Станцияда түрлі қызметтерде жұмыс атқарған: дөңес сұрыптау операторы және кезекші, қалыптастыру парк кезекшісі, маневр диспетчері. 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін станцияның диспетчері болған. 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін станция диспетчері. 2007 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

Абдулина Куляш Кабдрашевна

08.03.1954 жылы Карағанды обысылысы Осакаровка ауданында дуниеге келген.Еңбек қызметі «1975 жылдан Целиноград станциясында контейнер алаңынаң жүк қабылдап тапсырушысынын бастаған. 1994 жылы коммерциялық тексеріс бекіті бригадиріне ауыстырылды. 2004жыл «Адал еңбек үшін» медальмен марапатталды. 2008 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісін алған.

Сейсекеев Талғат Мухаметкалиұлы

23.04.1956 жылы Ақмола қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. Көлік және коммуникация Қазақ Академия Еңбек қызметін Целиноград станциясында дөнес сұрыптау операторынан бастаған.Дөнес сурыптауда кезекші,маневр және станция диспетчері, станция бастығының қауыпсыздік жүріс жумыстары бойынша көмекшісі қызметтерінде жұмыс атқарған. 2000 жылы шуғыл жумыс бойынша басшы орынбасары болған. 2009 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапаттанды.

Утегенов Аманкелды Аблаевич

04.03.1955 жылы Тұркістан қаласында дүниеге келді. Білімі орта мамандандырылған. Ташкент теміржол техникумын бітірген. Сұрыптау дөнес операторы, қалыптыстыру парк кезекшісі, маневр диспетчері және станция диспетчері жұмысын атқарған. 2004 жылы «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. 2012 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

 





Оценка дизайна web-сайта