Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Таңдау неге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға түседі?

 

Біздің Компанияда әр қызметкердің орны ерекше. Қызықты жұмыстан басқа, Компанияда әрі қарай кәсіби өсу және тұлғалық даму үшін көп жаңа мүмкіндіктер ашылады. Біздің Кадрлар саясаты жөніндегі стратегиялық бағдарламада персоналдың сапасын көтеру мен тиімділігін арттыру көзделген.

Компания қызметінде Компания этикасы мен құндылықтарын дәріптеу маңызды орын алады. Компанияның мәдениеті бір-біріне, клиенттерге және бизнес бойынша серіктестерге деген сыпайы әрі сенімді қарым-қатынасқа негізделген.

Біздің Компаниямыз республикадағы еңбек династиялық дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасқан ең ірі темір жол ұйымы болып табылады.

Қазақ темір жолы 1958 жылы құрылды. 1958 жылдан бастап 1977 жылға дейінгі кезеңде Қазақ темір жолы алып әрі тиімді құрылымға айналды. Сөйтіп республиканың экономикалық дамуында зор рөл атқарды. Кейіннен объективті себептер бірыңғай магистральдің үш дербес жолға бөлінуіне түрткі болды – Тың, Алматы және Батыс Қазақстан. 1997 жылы бастапқыда РМК құрамында болса, ал содан кейін «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ ретінде бір мекемеге жұмылдырылды.

Қазақстандағы аса ірі жұмыс берушілердің бірі ретінде біз еліміздің барлық өңірлерінде тұрғындарды 160 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеміз. Біздің қызметкерлерден жұмыстың жоғары сапасын талап етеміз. Сонымен қатар біз олардың дамуы мен материалдық және моральдық көтермелеудің түрлі мүмкіндіктерін ұсынамыз.

Біздің мақсатымыз – бұл өндіріс пен корпоративтік басқару үдерісіндегі өзгерістерге уақтылы әрекет етуге қабілетті, білікті қызметкерлердің жоғары өнімді әрі ұйымшыл ұжымын құру.

Біздің Компаниямыз қызметтің тың бағыттарын белсенді игеруде. Соған орай, креативті ойлайтын, өзінің білімі мен біліктілігін дамытуға құштар және біздің Компанияны дамытуға мүдделі адамдарды қуана-қуана жұмысқа қабылдаймыз.

Біздің жетістіктеріміз республикалық көлемде танылып, мемлекет тарапынан бірнеше рет марапатталған болатын. Екі рет, 2011 және 2012 жылдары «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйы – «Индустрияландыру көшбасшысы» атандық. Компания Үздік жұмыс беруші ретінде «Сенім 2012» байқауының жеңімпазы.

Қазіргі уақытта Компания өз қызметі аясын кеңейтуде. Бизнесі де қарқынды түрде жаңа нарықтық қатынастарға орай бейімделуде. Бүгінгі күні Компания ұлттық тасымалдаушыдан халықаралық деңгейдегі көліктік -логистикалық компанияға айналып келеді.





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта