Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Дені сау жұмыскер - Компания табысының кепілі

Санаторлық-курортық емдеуді ұйымжастыру - жұмыскерлер денсаулығының нығаюына және сырқаттану деңгейінің азаюына оң әсер ететін, аурудың алдын алуға және емдеу арқылы қалпына келтіруге мақсатты әрі тиімді түрде мүмкіндік беретін Компанияның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Теміржолшылардың жұмысы ұзақ уақыт бойы ашық далада болуы, сонымен қатар физикалық және психо-эмоционалдық ауыртпалықтар, жұмыстың барып-келу сипаты тәрізді қолайсыз факторлармен тығыз байланысты екені белгілі.

Жоғарыда атап  көрсетілгендер тыныс алу органдарының, жүрек – қан тамыры, ас қорыту жүйелерінің, қимыл–қозғалыс аппаратының, кәсіби уытталу сияқты бірқатар аурулардың дамуының сөзсіз басты факторы болып табылады.

Аталған аурулардың, сондай-ақ олардың асқынуының алдын алудың негізгі бағыттарының бірі - темір жол көлігі қызметкерлерін санаторлы-курортық  сауықтыру болып табылады.

«Қазақстан темір жол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Компания) өз жұмыскерлерін және жұмыс істемейтін зейнеткерлерін  жыл  сайын Қазақстаның әр аймағында орналасқан түрлі шипажай сауықтыру орталықтарына  жіберіп тұрады.

Қазіргі уақытта Компанияның  құзырында жалғыз емдік сауықтыру шипажайы бар, ол Компанияның филиалы - Сәкен Сейфуллин атындағы шипажайы болып табылады.

Сәкен Сейфуллин атындағы шипажайды Щучье-Бурабай демалу аймағында орналасқан ең басты сауықтыру мекемелерінің бірі деп айтуға мүмкіндік бар.

Теміржолшыларға толыққанды демалу әрі қызмет көрсету үшін қажетті  құралдар мен  және жиһаздардармен қамтамасыз етілген екі орынды стандартты, жартылай люкс және  люкс номерлер ұсынылған. Бос уақытты  өткізу  үшін бильярд, тенис, сауна, спорт залы және  әр күні жалпы  мәдениетті  шаралар  ұйымдастырылады және Бурабай курорты жағасында саяхат жасауға жағдай жасалған, концерттік  бағдарламар, спорттық  шаралар  өткізіледі.

Сәкен Сейфуллин атындағы  шипажайдың басты бағытының бағдары - жүрек қан-тамыр жүйесінің, қимыл тірек аппаратының, тыныс алу органдарының (туберкулезден басқасы) сырқатын емдеу болып табылады.

Іс-тәжірибесі мол және білікті маман дәрігерлер мына төмендегі  қызметтерді  көрсетеді:

·        балшықпен емдеу/аппликация және гальванобалшық, жергілікті көлдің емдік балшығы/

·        Ванналар /қылқан шөптер, тұз, Залманов ваннасы және т.б./

·        Емдік сауна

·        Емдік  сепкі

·        Барокамера

·        Гидроколонотерапия

·        Тіс емдеу кабинеті

·        Инфрақызыл магниттік лазермен емдеу кабинеті

·        Аппараттық физиотерапиялық емдеу (ДМВ, СМТ) дарсанваль, электрофорез, магниттік емдеу, УТЗ, УВЧ, электросон, ИКВ

·        Массаж кабинеті

·        Емдік денешынықтыру бөлімі

·        фитоемдеу

·        ультрадыбыстыдиагностика

·        гинекология кабинеті

·        галокамера – тұзды шахта бөлмесі.

Компанияның ведомстволық бағыныстағы шипажайы барлық теміржолшылардың және жұмыс істемейтін зейнеткерлердің толық сауықтыру жағдайын  қамтамасыз ете алмайтындығы даусыз.

Компания жұмыскерлерін және жұмыс істемейтін зейнеткерлерін сауықтыру жағдайын жақсарту, оларға қолайлы жағдай туғызу үшін  олар тұрып жатқан Қазақстанның аймақтарында, сонымен қатар көршілес жатқан Ресей Федерациясында орналасқан емдеу-сауықтыру орындарына жолдамаларды сатып алуды жүзеге асырады.

Компания жұмыскерлеріне және жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне  қамқорлықпен қарау мақсатында шипажай жолдамалары құнының  басым бөлігін төлейді. Жұмыскерлер  және жұмыс істемейтін зейнеткерлер  нөмірлердің жабдықталу дәрежесіне қарай  жолдама құнының тек 10 -30 пайызын төлейді.





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта