Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Медициналық қызмет көрсету

 Медициналық қызмет көрсету мәселесінің әлеуметтік маңызымен қатар, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде медицинаның үлесі өте зор, сонымен қатар, қызметкерлерді сауықтыру мен олардың өмірін сақтауға ғана емес жылжымалы құрамның, жүктің сақталуына, қозғалыстың тоқтамауын қамтамасыз етуге және Компанияның экономикалық шығынға ұшырамауына әсерін тигізеді.

 Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне келесі бағыттар бойынша медициналық қызметтер көрсетіледі:

 -жұмыскерлерге міндетті медициналық тексерулер мен ауысым алдындағы куәландыруды ұйымдастыруды қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнмаларына сәйкес Жұмыс берушіге міндетті медициналық қызметтер түрлері;

 -науқастарды сауықтыру, міндетті медициналық тексеру барысында анықталған аурулар, өндірісте медициналық пункттер мен дәрігерлер кабинетін ұйымдастыру және рейс алдындағы тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді қамтитын 2013-2020 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің денсаулығын қорғау бағдарламасын жүзеге асыру;

 Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамымен бірнеше жыл қатарынан мамандандырылған медициналық пойыздардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қайырымдылық шарасы жүзеге асырылуда. Бұл – еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарына көп салалы мамандандырылған кеңестік-диагностикалық ұтқыр көмек көрсетудің жаңа түрі.

 2010 жылы жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы «Парыз» Республикалық байқауында және «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» фестиваль конкурсында жеңіске жетті, ал 2011 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында аталып өтті.

 «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарымен Қазақстанның барлық аймақтары қамтылды.

 Бір медициналық пойыздың құрамы 8 вагоннан тұрады, тексерудің толық циклын жүргізуге, амбулаторлық операциялар жасауға барлық жағдай жасалған. Пойыздың медициналық бригадасының құрамы білікті дәрігерлерден жасақталған: терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог. Олардың барлығы жоғары және бірінші біліктілік санаты бар дәрігерлер болып табылады.

 Пойыздар неміс және жапонның жетекші фирмалары өндірген заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған, сонымен қатар компьютерлік спирометриялық жүйемен, эхоэнцефалографпен, бейнегастрофиброскоппен, жиынтығында велоэргометрі бар салмақтық диагностикалық тестілеу жүргізетін кардиологиялық мониторлық жүйе, кардиограф және мәлеметтерді өңдейтін компьютерлік жүйе, сонымен қатар рентген-стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтар бар.

 Станса тұрғындарының жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек алуға, шағын хирургиялық операциялар жасатуға (сонымен қатар, урологиялық және гинекологиялық), сонымен қатар, облыстық маңызы бар кеңестік-диагностикалық орталық деңгейіндегі сапалы стоматологиялық ем алуға мүмкіндіктері бар.

 Көліктік медицинаның, сондай ақ медициналық пойыздардың жұмысының дамуына орай кейбір пациенттер өмірінде бірінші рет немесе көп жылдан бері дәрігердің назарына алынды. Кейбір пациенттерден асқынған науқас түрлері анықталды. Дәрігерлермен жаңа басталып келе жатқан жіті жедел, созылмалы аурулар, қатерлі ісіктер және туберкулез аурулары анықталды. Барлық пациенттер қажетті алғашқы көмек, білікті кеңес және таяу орналасқан медициналық орталыққа одан әрі емделу үшін жолдама алады.

Телемедициналық кеңеске деген сұранысты ескере отырып «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарына республикалық жетекші клиникалардың: «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, «Астана медицина орталығы» АҚ, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты», «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» РМК, «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК мамандарымен бейнеконференц байланыс жасау үшін телемедициналық кешендер орнатылды.

Шалғайдағы стансалар мен шағын бекеттерді қамту үшін пойыздар жыл сайын үштен беске дейін рейстер жасайды, бір рейстің ұзақтығы жиырма күнге дейін созылады.

«Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» кеңестік-диагностикалық медициналық пойыздары атқарған жұмыстың нәтижесі қысқа мерзімде оның әлеуметтік маңыздылығын және осы жобаның экономикалық тиімділігін дәлелдеп берді. Бұндай пойыздар бүгінгі таңда аса қажет және еліміздің шалғай орналасқан аймақтарының тұрғандарына жоғарыбілікті кеңестік-диагностикалық көмек көрсетудің жалғыз жолы болып табылады.

 





Оценка дизайна web-сайта