Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

"Астана" станциясы

Филиал туралы

Астана қаласының жедел экономикалық дамуына орай солтүстік көлік секторы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 .26.01. №97 қаулысына орай, Целиноград станциясы Ақмола станциясы деп аталды. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 2001.06.05 №600 қаулысына орай Ақмола станциясы Астана станциясы деп аталды.

2001 жылы Астана қаласында «Қазақстан темір жолы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны филиалы құрылды. Одан кейін «Инфрақұрылым» мемлекеттік еншілес кәсіпорны, 2002 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Жабық акционерлік қоғамы, 2004 жылдан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Астана станциясында құрылды. Сараптаулар қорытындысы Астана станциясындағы көліктік желісі арқылы жүк көлемінің өскендігін көрсетіп отыр. Қазақстанның Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс аймақтарына көліктер қатынайды.

Астана еліміздің географиялық орталығында орналасқандықтан, ауқымды көліктік коммуникациялық желіні құрайды. Астана көліктік желісі бірнеше түрлі көліктік тасымал құралдарын қамтиды. Өнеркәсіпткі, сауда, экспедиторлық компаниялар аумақтық дәрежеден республикалық деңгейге дейін көтерілді.

Осыған байланысты Астана ірі көліктік желі ғана емес, халықаралық деңгейдегі сервистік кепілді қызметті атқарады.

Астананың стратегиялық орналасуы жүктердің көліктік түсіру-тиеу орталығы ретінде де қалыптасты.

Филиалдың даму бағытын айқындап алуы жүк және жолаушылар тасымалы, транзиттік тасымалдау түрлері нарықтық қатынас заңдарымен қалыптасып, жаңа экономикалық жағдайға икемделді. Сондықтан да өндірісті жоспарлау мен басқару, жүзеге асырудың сапалық және сандық көрсеткіштері күн санап өсе түсуде.

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта