Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз


«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы

Даму стратегиясы

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы активтерінің құрамына кіретін, мемлекеттік маңызы бар ірі көлік-логистикалық холдинг болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «ҚТЖ» ҰК» АҚ негізінде активтер мен құзыреттердің толық спектрі бар ұлттық логистика операторын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін компанияның басқаруына Ақтау теңіз порты, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы және «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы, әуежайлар желісі берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық логистика операторы ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясының транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдарды 2020 жылға қарай 2 есе, 2050 жылға қарай 10 есе ұлғайту жөніндегі міндеттерін орындап жатыр.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының экономикасындағы жекеше сектордың рөлін дамыту үшін Үкімет мемлекеттік активтердің бір қатарын жекешелендіру бағдарламасына бастама білдірді. Бағдарлама «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның және тұтастай саланың активтер портфелінің құрылымын айтарлықтай өзгертеді.

Президент алға қойған міндеттер шеңберінде Үкімет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционері Қызметін трансформациялау бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Қызметін трансформациялау бағдарламасы бойынша міндеттерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ел ішіндегі және ЕАЭО бойынша әріптес елдердегі экономикалық құлдырау жағдайында шешіп жатыр.

Сыртқы ортаның өзгергенін және компания қызметі спектрінің кеңейгенін ескере отырып 2015 жылғы 26 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекітті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ МИССИЯСЫ

Жүйе құраушы инфрақұрылымдық компания бола тұрып, біз экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы көліктік негізді қамтамасыз етеміз, Акционер үшін құнды құрамыз, қажет және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызметтерді көрсету жолымен тұтынушыларға және тұтастай қоғамға пайда келтіреміз.

ПАЙЫМДАУЫМЫЗ

Біз бизнесті жүргізудің озық тәжірибесіне сәйкес әрекет ететін нәтижелі және инновациялық компания болуға тырысамыз.

Біз өзімізді келесі қызметтердің жеткізушісі ретінде ұстанамыз:

теміржол инфрақұрылымы мен желісі қызметтері;

транзиттік тасымалдарды, сондай-ақ импортталатын және экспортталатын жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі көлік-логистикалық қызметтер.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналдың жоғары кәсібилігінің, жоғары техникалық стандарттардың, сондай-ақ басқару мен өндірудің озық процестерінің арқасында қызметтердің сапасы бойынша да, экономикалық тиімділігі бойынша көшбасшы болуға ниетті.

Миссиямыз бен пайымдауымызға тиімді қол жеткізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ келесі стратегиялық мақсаттар бойынша жоспарлы қимылдауға ниетті:

  •  акционерлік капиталдың жиынтық құнын барынша жоғары ету;
  •  тасымалдау қауіпсіздігі;
  •  клиенттердің қанағаттануы;
  •  тиімді корпоративтік басқару;
  •  әлеуметтік тұрақтылық;
  •  экологиялық қауіпсіздік.

Алға қойылған стратегиялық мақсаттарды іске асыру, сондай-ақ бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық бастамалардың 8 блогына көзделеді:

  1.  Ішкі нарықта сату функциясын дамыту.
  2.  Өз вагондарымызды кәдеге жаратуды арттыру.
  3.  Контейнерлік транзитті дамыту.
  4.  Жолаушылар тасымалдау тиімділігін арттыру.
  5.  Операциялық тиімділікті арттыру.
  6.  Жобалық офисті дамыту (стратегиялық бастамалардың тиімділігін арттыру және іске асыру мерзімін қысқарту үшін).
  7.  Мемлекеттік реттеу жүйесін өзгерту.
  8.  Қазақстан арқылы транзитті Қытайдың қолдауы.

2025 жылға қарай «ҚТЖ» ҰК» АҚ міндеттерінің қатарына, акционерлік құнын өсіруден басқа, көлік-логистикалық қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік стратегияны іске асыру кіретін ықпалдастырылған көлік-логистикалық компания болуы тиіс. Бұл ретте компания EVA көрсеткішін ~ 359 млрд. теңгеге дейін көтеру міндетін 2020 жылға қарай орындамақ. Компания өз клиенттеріне сапалы қызмет көрсету бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауды жалғастырады.

 





© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Оценка дизайна web-сайта