Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Атамекен» ҰКП бірлескен кіші комитетінің логистика және тасымал жайын талқылады

 

13 ақпанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП бірлескен кіші комитетінің кеңейтілген отырысында теміржол көлігіндегі логистика және тасымал жайы қаралды.

Комитет жұмысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар, бизнес-қауымдастықтар және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыста 2017 жылғы 14 желтоқсандағы «Атамекен» ҰКП Президиумының кеңейтілген отырысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Оның ішінде, жылжымалы құрамды мемлекеттік ынталандыру мен қолдау, қосымша вагондар паркін тарту, отандық вагон паркін басқа мемлекеттердің алдын ала хабарласпай пайдалануынан қорғау жайлары қарастырылды.

Теміржол нарығындағы жаңа субьектілердің өзара технологиялық қарым-қатынасын құқықтық – нормативтік жағынан жетілдіру жайы көзделді. Комитет қатысушылары Қазақстанның көлік-логистикалық саласындағы Жол картасын бекіту ұсынысын қолдады.

«Kazlogistics» ҚКО бас директоры Қ. Әлмағамбетов «Көлік және логистика» саласындағы кәсіби талаптарды жасау туралы баяндады.

Кеңейтілген отырысты қорытындылай келе Қ. Алпысбаев көлік секторындағы қызмет көрсету сапасын көтеру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды.

«Бұл өз кезегінде Қазақстанның логистикалық тиімділігінің Әлемдік банкіндегі Doing business Индексін көтереді. Сонымен қатар бизнес ортадағы жағдайын жақсартады»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Логистика және тасымалдау жөніндегі кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП тиісті хаттамалық шешім қабылдады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз мәліметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта