Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жалтыр станциясынан астық тиелген үшінші контейнерлік пойыз Хошимин портына жөнелтілді

10 - ақпанда 40 футтық елу контейнерге тиелген астық Ақмола теміржол бөлімшесінен Хошимин портына жөнелтілді. Контейнерлік пойызды «KTZ Express» АҚ ұйымдастырды. 1350 тонналық жүк Достық шекаралық станциясы арқылы Қазақстанның солтүстік өңіріндегі көлік дәлізімен Ляньюньган порты- Оңтүстік- Шығыс Азияға бағытталады.

Астық тиелген пойыз 72 сағатта Достық станциясына келіп тоқтайды.

«Аграрлық сала өнімдерін тасымалдау – біз үшін аса маңызды мәселе. Бұл біздің Жалтыр станциясынан жіберіп отырған үшінші контейнерлік пойызымыз. Вьетнамдық тұтынушыларға алғашқы қазақстандық астық былтырғы жылы қаңтарда жеткізілді»,- дейді Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов.

Қазіргі таңда Вьетнамға астық жіберу барынша қарқынды ұйымдастырылуда.

Тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылар – теміржол әкімшілігі, жүк жөнелтушілер, жергілікті басқарма басшылықтары, кеден, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау органдарының бірлескен іс-шараларының арқасында көлік-логистикалық қызмет сапасы көтерілуде.

Жалтыр станциясының бастығы Сәкен Жүнісовтің айтуынша, қазіргі таңда астық және ұн өнімдері ТМД, Кавказ, Балтық жағалауы, Қытай, Иран, Ауғанстан бағдарына жіберілуде.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта