Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мыңнан астам еңбеккері «ішкі шебері» сабағын алды

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филиалы «Бас есептеу орталығының» менеджері Шынар Бәлдік үздік «ішкі шебері» атанды. Оған «2017 жылдың шебері» атағы берілді.

2016 жылы компанияда «Ішкі шебері» жобасы басталып «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлері мен қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру мен жаңа технологиялық міндеттерін үйренуге бағытталған.

«2017 жылы түрлі мамандықтар бойынша ұзақ мерзімдік қызмет өтілі бар өз ісінің мамандары қатарынан 60 еңбеккер «ішкі шебері» атағын алды.

«Олар аудиторияны меңгеру мен дәріс берудің қыр-сырын, шешендік тәсілдерді, тұсаукесер рәсімдерін жасау машықтарын меңгерді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі персоналын дамыту мен бағалау орталығы» директорының орынбасары М. Әбдірова.

«Ішкі шеберлер» өздерінің мамандықтары бойынша шеберлік сыныптарын басқалармен өткізеді. Бұған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мыңдаған еңбеккерлері қатысты.

«Ішкі шебері» жобасына қатысу әрбір еңбеккердің қарым –қабілетінің өсуіне ықпал етеді. Олар алдымен басқаларды үйрету үшін өздерінің біліктіліктерін көтеруі тиіс. Теориялық білімдерін практикалық тәлімдерімен ұштастырып отырады»,-дейді Ш. Бәлдік.

Ағымдағы жылы «Ішкі шебері» жобасына қатысу үшін арнайы байқау жарияланды. Ол өз кезегінде талантты және қызмет баспалдағымен өскісі келетін еңбеккерлерге жаңа тәжірибелер жинақтауына және Компанияның дамуына лайықты үлес қосуына ықпал етеді.



«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта