Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Құрық портында жаңа әлеуметтік нысан салынды





Құрық паром кешені аумағында 50 адамдық асхана пайдалануға берілді. Аталмыш қоғамдық тамақтандыру орыны өндірістік кестеге сәйкес, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

«Біздің портымызда аса маңызды әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Мұнда жұмыс істейтіндердің өздері Ақтау қаласы мен Құрық селосынан қатынайды. Оларға асхана қызметін тұтынуға мүмкіндік ашылды. Мұндағы еңбеккерлердің қуанышында шек жоқ»,-дейді «Құрық порты» ЖШС Пайдалану басқармасының бастығы Б. Маратұлы.

Асхана порт еңбеккерлеріне ғана емес, шекаралық және кедендік қызметкерлерге, автофургондардың жүргізушілеріне, экспедиторларға да қызмет көрсетеді.

Құрық портында таяуда 40 орындық жаңа қонақүй мен кеден қызметкерлері мен жолаушыларды өткізу бекетінің мамандарына арналған жатақхана іске қосылады.

Құрық портындағы паром кешені құрылысы нысандарын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүзеге асыруда.

Құрық паром кешені заманауи үлгідегі теміржол мен автокөлік инфрақұрылымдарымен қамтылған, жүк өткізуге өте қолайлы айлақ. Құрық порты Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін табысты жүзеге асыруға қызмет етеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта