Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация Челябі облысының басшылығымен кездесті

 

Кездесу барысында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымы әлеуетін пайдалана отырып, бірлескен халықаралық логистиканы дамыту мен «Қорғас» ХШЫО-на «Оңтүстікорал басқарушы компаниясының» инвестициялық қатысуын қамтамасыз ету туралы айтылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «KTZ Express» АҚ мен «Оңтүстікорал басқарушы компаниясы» арасындағы қол қойылған Келісім бойынша Еуразиялық Экономикалық кеңістік аумағында транзиттік, экспорттық тасымалды және мультимодальдық логистикалық тізбекті жалғастыруды бірлесіп атқаруға уағдаласты.

Маңызды құжат бойынша бірлескен халықаралық контейнерлік пойыз жасақтау мен Оңтүстікорал теміржолының Формачев счтанциясынан дара және кері қарайғы бағдарға пойыз ұйымдастыру, арнайы контейнерлік пойыз жасақтау, «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портын пайдалану, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА (Алтынкөл станциясы) әлеуетін Ресейден ҚХР және кері қарайғы бағдарларға жүктерді шоғырландыру мен таратуға пайдалануды қарастырады.

Сонымен қатар «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ мен «Оңтүстікорал басқарушы компаниясы» АҚ арасында ресейліктер тарапынан «Қорғас» ХШЫО сауда кешені құрылысын салу жөніндегі Инвестициялық келісім жасалды.

Сауда кешені салудағы мақсат –Челябі облысы, Орал Федеральдық округі кәсіпорындары шығарған өнімдерді өткізу. Сөйтіп, «Қорғас» ХШЫО аумағында Оңтүстік Орал сауда өкілдігін ашу өз кезегінде челябілік тауарларды Қытай мен Оңтүстік- Шығыс Азия нарығына экспортқа шығару көзделеді.

«Біз үшін қазақстандық теміржолшылармен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды қадам»,-деп атап өтті Челябі облысының Губернаторы Борис Дубровский.- «Бұл аса маңызды қадам. Ресей, Қазақстан, Қытай арасындағы халықаралық мультимодальдық логистикалық тізбекті жасақтау абыройлы іс. Бұл өз кезегінде «Оңтүстіорал» көлік логистикалық кешенінде де логистикалық қызмет көрсету, жүктерді кедендік алып жүру, жолаушылар ағынын арттыру, жеңілдіктерді қолдану қарастырылады.

«Біз Жібек жолын практикалық түрде жүзеге асырудың бірлексен шешімдерін ұсынудамыз «Қорғас» арнайы экономикалық аймағында Челябі облысының бизнес өкілдері өздерінің өнімдерін сатуды жүзеге асырып, қытайлық тауарларды сатып ала алады. Екіншіден, үлкен логистикалық қызмет ғаламдық логистикалық кеңістікке құрғақ жер арқылы тізбектелу арқылы «Оңтүстікорал» КЛК біз үшін маңызды база болып саналады. Біз Қазақстан аумағы арқылы логистикалық қызметті дамытуды –Челябі аумағындағы шекаралас өңірлерде ресейлік тауарларды шоғырландыру және тарату, Қытай және Қазақстан бағдарына экспортқа шығаруды ұсынып отырмыз»-деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

 Серіктестік жөніндегі қол қойылған маңызды құжаттар 2017 жылы қарашада Ақтөбе қаласында ҚР мен РФ 19-шы Үкіметаралық комиссиясы отырысының келісімдерін жүзеге асыруға бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз мәліметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта