Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мыңнан астам теміржолшылар тәулік бойы жол қамын жасауда

Барлық өңірлердегі теміржол бөлімшелерінде магистральдық желілердің жағдайын мыңдаған теміржолшылар тәулік бойы бақылап отыр.

«Теміржолшылар жолдың үстіңгі қабатын қарап, байланыс желілерінің, түйісу желілерінің ауа райының әсерінен жұмыс істемей қалуын болдырмаудың қам-қарекетін жасауда»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» атқарушы директоры Бауыржан Уәли.

Оның айтуынша, рельстердің қалыпты жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Оның ақаулығын арнайы техникамыен бақылайды.

Теміржолшылар қар көшкіндері жүрген кезде, ауа райының күрт суытқан кездерінде ерекше күшейтілген режімде жұмыс жасайды. Барлық өңірлік магистральдық желілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Төтенше жағдайлар орын алған кезде нұсқамалықпен қамтамасыз етіледі.

«Қысқы маусым басталғалы бері теміржол бойынан 130 мың текше метр қар сыртқа шығарылды. Магистральдық желі бойына қар аршу мен тазалау техникалары 500-ден астам рет барып қайтты»,-дейді Б. Уәли.

Теміржолшылар қауіпсіз пойыз қоғалысын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстап, қатаң қадағалап отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта