Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

2017 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның көлік саласы 4,8% өсіммен экономиканың қозғаушы күшіне айналды

 

30 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен биылғы Жолдаудың көлік-логистикалық инфрақұрылымы тиімділігін дамыту мәселесіне арналған республикалық кеңес өткізілді.

«Мемлекет басшысы стратегиялық құжатта трансқұрлықтық дәлізді әрі қарай дамыту, цифрлық технологияны өндіріске ауқымды түрде енгізуді жүзеге асыру, өңірішілік жедел байланысты жақсарту туралы тапсырмалар берді»,-деп атап өтті А. Мамин кеңес қатысушыларына арнаған сөзінде.

«Қазіргі таңда еліміздегі көлік саласы жалпы ішкі өнімнің 8% астамын құрайды. 2017 жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4% болса, көлік саласы өсімінің қозғаушы күші ретінде 4,8% құрады»,-деп атап өтті ҚР Премьер –Министрінің бірінші орынбасары.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек көлік саласының бәсекелестікке сай көтерілуі мен Қазақстан экономикасының тұрақты дамуындағы рөліне тоқталды.

Қазіргі таңда көлік инфрақұрылымын дамыту Қазақстан экономикасының көрсеткіші өсуіне ықпал етті. Қазақстандық тасымалдаушылардың экспорттық, импорттық, транзиттік автотасымалдауындағы үлесі артып келеді. 2017 жылы отандық тасымалдаушылар 52 пайыздық үлеске шықты.

«Ағымдағы жылы барлық өңірлерде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылыс және қайта жарақтандыру мақсатындағы 23 жоба жүзеге асырылып, 4,2 мың шақырым жол қамтылды. Қазақстан тұңғыш рет осындай аса ауқымды жұмыстарды бастады»,-деп атап өтті министр.

Кеңесте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев баяндама жасады. Ол көлік инфрақұрылым саласындағы жүк ағындарының қамтамасыз етілуіне тоқталды.

Оның айтуынша, Биылғы жыл басынан бастап «Цифрлық темір жол» бағдарламасы өндіріске енгізілуде. «Цифрлық теміржол» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлау сапасын көтереді. Жылу- энергетикалық ресурстардың шығынын үнемдейді. Инфрақұрылым мен жылжымалы құрамға техникалық жөндеу жасау арқылы қалыпты жұмыс жасау мерзімін ұзартуға мүмкіндік әпереді. Көлік саласының сұраныс иелерін қанағаттандыру деңгейі сапасын көтереді.  «Биылғы Жолдауда көрсетілген транзитті дамыту мен көлік логистикасын жақсарту тапсырмаларын жүзеге асыру өз кезегінде Қазақстан аумағы арқылы экспорттық және транзиттік тасымал көлемін 2020 жылдарға дейін 2 миллион контейнерге жеткізуді қамтамасыз етеді. Транзиттік тасымалдан түсетін табыс 5 млрд. АҚШ долларына жеткізілмек»,- дейді Компания басшысы Қ. Алпысбаев.

Кеңес отырысында «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Қизатов, ЕҚДБ өкілдігінің ҚР басшысы А.Прейманис, БКЛК вице-президенті Е. Жәкішев, Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары Одағының басшысы Н. Радостовец, «Эйр Астана» АҚ президенті П. Фостер және тағы басқалар сөз сөйледі.

Республикалық кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, қазақстандық және шетелдік көлік-логистикалық компанияларының, қаржылық ұйымдардың, бизнес –құрылымдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта