Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Қорғас» ХШСО-да қазақстан-қытай бизнес форумы өткізілді

 

Бизнес-форумды «Қорғас» ХШСО (ҚР) мен «Қорғас» АЭА (ҚХР) әкімшілік комитеті бастамашылығымен инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырды.

Шараға Алматы облысы, Алматы қаласы әкімдіктерінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Іле қазақ автономиялық округі халық үкіметінің, ҚР мен ҚХР іскер топтарының өкілдері қатысты.

«Қорғас» ХШСО – ауқымды шекаралық сауда-экономикалық серіктестік жобасы. Орталық Қорғас арқылы өтетін Ежелгі жібек жолы бойында орналасқандықтан географиялық жағынан өте тиімді өңір саналады. Сондықтан, оның экономикалық маңызы жыл сайын көтеріліп келеді»,-дейді «Қорғас» ХШСО» АҚ вице-президенті Алексей Иванов.

Бұған дейін белгілісі, «Қорғас» ХШСО арнайы экономикалық аймақ дәрежесін алды. Ол арқылы қазақстандық бөлігіне инвестиця тартуға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал орнады. Кәсіпкерлер әлеуметтік салықтан басқа негізгі салықтардан босатылды. Олар жер, мүлік, корпоративтік табыс, қосымша құн салығы және АЭА аумағында өткізілген тауарға салықтан босатылады. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы белгіленбейді. Мұндай жеңілдіктер мен преференциялар қазақстандық қана емес, арнайы экономикалық аумақтағы жұмыс жасаған шетелдік қатысушыларға да қолданылады.

«Қорғас» ХШСО жаңа нарықтарға шығуға үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Бұл арқылы Қытай ғана емес, ЕЭО, ТМД елдері мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері нарығына да шығуға болады. Табысқа нарыққа қатысушылардың барлығы да жете алады. Біз оны жобамыздың ең бір ұтымды тұсы деп білеміз. Ол негізінен, сенім, өзара тиімділік, теңдік пен бірлескен серіктестік аясын дамыту, кеңейту қызметтерінен көрінеді»,-дейді А. Иванов.

Форумда «Қорғас» ХШСО белсенді дамып келе жатқандығы аталып өтілді. Ол шекаралас өңірдің дамуына да оң әсерін тигізуде. Оның ішінде іскерлік туризм, сауда, мәдени және гуманитарлық серіктестіктердің өрістеуіне ықпал етуде.

Қазақстан-қытай бизнес форумы аясында сауда, туризм, өнеркәсіп, ғылым және білім саласындағы серіктестікті дамыту жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта