Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға Қазақстандағы Швеция елшісі бастаған делегация келді

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ына Қазақстандағы Швеция елшісі Матс Фойер бастаған делегация келді.

Кездесу Компанияның бас инженері Батыр Қотыревтің төрағалығымен өткізілді.

Келіссөзде екі ел арасындағы көлік инфрақұрылымы мен тасымалдау үдерісін дамыту жайы талқыланды.

«Біз Қазақстанның көлік секторының әлеуеті мен ауқымын бағалай келіп, инфрақұрылым саласын дамытуға біздің жетекші компанияларымыздың мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз»,-дейді М. Фойер.

Кездесу барысында өндіріске цифрлық технологияны енгізу, пойыздарға арналған заманауи қондырғы, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен күзет жүйесіне қажетті құрылғылар орнату жайы қарастырылды.

Қазақстан тарабы шведтің ірі компанияларының бизнес ұсыныстарына қызығушылық танытып отыр.

«Бұл кездесу екі ел арасындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тиімді қатынастарды жетілдіруге серпін беретіндігіне сенімдімін»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта