Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Нұрлы жол» вокзалы алғашқы қысты қысылмай өткізуде

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық бөлімшелері ауа райының күр суына байланысты ерекше кестемен жұмыс істеуде. Әсіресе, қауіпсіз жолаушылар пойызы қозғалысын, теміржол вокзалдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ету айрықша көңіл бөлінген.

Биыл «Нұрлы жол» вокзал кешені алғашқы қысты басынан өткеруде. Вокзал кешенінің жауапты қызметкерлері тиісті ауысыммен жұмыс істеуде.

Вокзалға кіретін ұзындығы 2,5 шақырымдық, он көшемен астасқан эстакаданы күтіп ұстау да оңай шаруа емес. Онда үш қабылдау, жөнелту жолдары, алты перронға тартылған.

Мұндай кірме эстакадасы Азиядағы баламасыз ерекше ғажайып имарат болып саналады. Қар жауған күндері тәулік бойы арнайы СМ-7 қара аршу техникасымен тазаланады.

«Нұрлы жол» вокзалы жаңа нысан. Сондықтан, мұндағы еңбеккерлер қысқы жұмыс жағдайын барынша ыждағатты атқаруда. Эстакада тұрақты тазалануда. Вокзал пайдалануға берілгелі пойыз қозғалысы қалыпты, кестеден кешіккен емес»,-дейді Астана жол дистанциясының эстакада көпірі шебері Меңғали Дәулетшин.

«Нұрлы жол» вокзал кешені пайдалануға берілгелі екі миллионнан астам адамға қызмет көрсетті. Мұнда 50-ден астам жолаушылар пойыздары келіп, кетеді.

Қыстың аязды күндері Республиканың басқа да барлық вокзалдары кесте бойынша жұмыс істеуде. Қатты аязды күндері вокзал келушілер, кетушілер, шығарып салушыларға лық толы болады.

Теміржолшылар ауа райы суық күндері де жолаушылардың межелі жеріне жетуіне барынша қолайлы жағдай жасауға тырысуда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта