Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазақстандық рефрижераторлық пойыз Пакистанның Лахора қаласынан Астанаға жеміс жеткізді

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KTZ Express» АҚ Пакистаннан Қазақстанға тұңғыш рет теміржол бойымен жеміс өнімдерін жеткізді. 260 тонна мандарин тиеген рефрижераторлық контейнерлік пойызы Пакистан- Иран- Түркменстан- Қазақстан мемлекеттері аумағын, яғни 5 мың шақырым жолды 18 күнде көктей өтті.

«Бұрын Пакистаннан жеміс-жидектер автокөлікпен және теңіз көлігімен ұзақ жүретін. Әсіресе, теңіз арқылы 45 күн жүретін болса, ендігі жерде жеткізу мерзімі екі есеге қысқарды»,- дейді «KTZ Express» АҚ Контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры А. Кәрімов.

«Бұл бағдарды одан әрі меңгеріп, толық қуатында іске қосу үшін аптасына бір контейнерлік пойызды жасақтауды жоспарлап отырмыз»,-дейді А. Кәрімов.

Жаңа логистикалық қызмет түрі тез бұзылатын жеміс жидектерді белгілі температурада жеткізуге ықпал етеді. Олардың қатарында тоңазытылған көкөністер, жеміс-жидектер, медициналық және фармацевтикалық тауарлар бар.

Пакистандық өнім өндірушілердің тауарлары Астанадағы «А» сыныбына жататын көлік-логистикалық орталығында сақталады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта