Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық қызметі күшейтілген режімде жұмыс істеуде

 

Ауа райының күрт суып кетуіне байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық бөлімшелерінің жұмыстары күшейтілген режімге көшірілді.

«Теміржол бөлімшелерінде апаттық бригадалар жасақталып, олар тәулік бойы кезекшілік етеді. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігі қатаң бақылауда тұр»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының Атқарушы директоры Б. Уәли.

Б. Уәлидің айтуынша, «жылу жүйелеріне ерекше қадағалау жасалуда. Қызмет орындарында, орталықтандырылған электр бекеттері, вокзал ғимараттары, өндірістік имараттарда жылуды қалыпты ұстау басты назарда тұр. Барлық қызмет түрлерімен байланыс тұрақты жүргізілуде».

Рельс диагностикасын жүргізу құралдары, рельс түйіспелері, ВЛ-10 желілеріне күнделікті тексеру жасалуда. Өңірлердегі барлық теміржол көлігінің қызметін тұрақты әрі қалыпты жүргізу ерекше бақылауда ұсталынып отыр.

Павлодар магистральдық желі дирекциясының жетекші инженері Б. Тайлақовтың айтуынша, өңірдегі теміржол қызметі қалыпты. 600 маман күн сайын жолдың жағдайын тексеріп жүр. Павлодарлық теміржолшылар пойыз қозғалысының қалыпты болуын, кез келген төтенше жағдайдың алдын алуға барлық тиісті шараларды жасауда.

Қостанайда өңірдегі кәсіпорындардың теміржол саласының барлық басшыларының тәулік бойғы кезекшілігі қойылды. Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары А. Шарсейітовтің айтуынша, станциялар, жолдарды, бөлімшенің кәсіпорындарын бақылап отыруға қосымша күш тартылды. Жол қараушылардың кезекшілігі күшейтілген режімге көшірілді.

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің бөлім бастығы Р. Буратаевтың айтуынша,өңірде вагон пайдалану, локомотив депосы, станцияларда барлық сала бойынша жауапты мамандардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды. Әрбір еңбеккер ауа райы күрт суытқан кездегі еңбекті қорғау шаралары жөніндегі нұсқамалықпен танысты.

Ақмола магистральдық желі дирекциясы да барлық шараларды қарастырған.

«Қазіргі таңда 32 қар аршу мен тазалау техникалары сақадай сай тұр. Дизел отыны, көмір қоры жасақталған. Жылу қазандықтары қалыпты жұмыс жасап тұр. Еңбеккерлер қысқы арнаулы киімдермен қамтылған. Жолдағы түйісу желілері, құрылғылар, бағыттауыш бұрмалар тексеріліп тұрады»,-дейді қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы А. Ерімбетова.

Семей магистральдық желі бөлімшесінің Защита өңірінде ауаның күрт суытуына байланысты Серебянск, Защита жол дистанциялары өз нысандарын ауық-ауық тексеріп тұр. Белгіленген кесте бойынша Өскемен1- Риддер, Өскемен-1 –Зырян, Өскемен 1- Шемонайха филиалдары мен учаскелерінде кезекшілік ұйымдастырылған.

«Барлық техникалар майланып, сайланып сапта тұр. Барлық қар аршу, тазалау техникалары, дрезина, қалпына келтіру мен өрт сөндіргіш пойыздары дайын. Өңірдегі барлық құрылымдар төтенше жағдайды бақылау ұстап отыр»,-дейді Семей магистральдық желі дирекциясының Защита өңірі бойынша жетекші инженері А. Сембинов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта