Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық өңірдегі бөлімшелерінде Жолдау тапсырмалары талқыланды

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылары барлық өңірдегі теміржол бөлімшелеріне барып, көшпелі кеңестер өткізді. Онда еңбек ұжымдары Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тапсырмаларын талқылады.

Еңбек ұжымдарына Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуына жеткізетін он негізгі тапсырма толыққанды түсіндірілді.

Оның ішінде өнеркәсіпті цифрландыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, заманауи технологияны өндіріске енгізу, адами капиталды дамыту жайларына ерекше көңіл бөлінді.

Жолдауда Қазақстанның жаңа бағдарын айқындаудағы стратегиялық құжаты ретіндегі маңызы аталып өтілді. Мемлекет басшысының әлемдегі дамыған елдердің қатарына жету жолындағы тапсырмалары мен тезистері: экономика саласын жалпы түрдегі цифрлық технологияға көшіру, тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және ғылым жаңғырту секілді маңызды бағыттарды көрсетіп берді.

Маңызды құжатта бизнес үдерістерге цифрлық технологияны енгізуге көп көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы қазақстандық индустрия саласының жаңа технолоигяларды енгізудегі ту ұстаушысы болуы тиістігін атап өтті. Сонымен қатар қаржы секторын артық жүктемеден арылту, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп отыр.

Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын серпінді дамытудағы көлік-логистикалық кешенінің роліне және оны дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғандығы аталып өтілді. Олар Компанияның алдындағы 2020 жылдарға дейінгі транзиттік тасымалдан түсетін кірісті жылма –жыл 5 миллиард долларға дейін жеткізу туралы тапсырмасына тоқталды. Сонымен қатар цифрлық технологияны өндіріске енгізу, көлік саласындағы интеллектуальдық жүйені жасақтау қарастырылады.

Компания «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өндірістік үдерістерді сандық жүйеге енгізу жобасын жүзеге асыруда. Барлық теміржол станцияларында келісім және коммерциялық қызметтерді (АСУ ДКР) автоматтандырылған басқарудың жүйесі енгізілуде. Ол өз кезегінде тасымалдау құжаттарын қағазсыз технологияға көшіруге мүмкіндік әпереді.

Жүк ағындарын барынша тарта түсу үшін еліміздегі Көлік-логистикалық кешендері желісінің инфрақұрылымын жетілдіріп, жүктерді жеткізу мерзімін қысқартып, транзиттік жүк тасымалдаудан түсетін кірісті арттыру көзделіп отыр.

Жолаушылар тасымалында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын барынша көтеру, электронды билеттермен қамтамасыз ету, қозғалыс жылдамдығын көтеру, жылжымалы құрамды жаңғыртуға айрықша назар аударылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еліміздегі ірі жұмыс беруші ғана емес, әлеуметтік-жауапкершілігі жоғары мекемелердің қатарынан саналады.

Компания Қазақстанды жаңғыртудың негізі - адами капитал екендігіне көңіл аударады.

ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі мол мекеме ретінде қашанда өзінің еңбеккерлер алдындағы міндеттемелерін орындап, әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, еңбеккерлердің жұмыс жағдайын көтеріп, оларды жұмысқа ынталандырып келеді. Атап өтерлігі, экономикалық қиындықтар кезінде тасымалдаудың азаюына байланысты қаржылық жағдай төмендеген кезде де, Компания еңбеккерлерге белгіленген көлемде сыйақылар мен мерекелік күндерде де марапаттауды ұмытқан емес. Қазіргі кезде жүк айналымының қарқын алуына орай, айлық жалақыны көтеру қарастырылуда.

2018 жылы желілік филиалдардың барлық еңбеккерлеріне айлық жалақыны он пайызға көтеру қарастырылған.

2018 жылғы әлеуметтік жеңілдіктерге бөлінетін бюджет 8,9 млрд. теңгені құрайды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 22 пайызға жоғары көрсеткіш.

Кездесулерде стратегиялық маңызды құжатты талқылау барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдына нақты тапсырмалар қойылғандығы талданды. Оны атқару үшін жаңа технологияларды енгізу арқылы өндірістік тиімділікті көтеру көзделеді.

Компанияның қызметін тұрақты, сапалы атқаруы жалпы көлік кешенінің дамуына ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуына да оң әсер ететіндігі аталып өтілді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта