Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Қамқор Менеджмент» Сексеуіл теміржолшылар селосының тұрмыстық нысандарын қолдады

 

«Қамқор Менеджмент» ЖШС Қызылорда облысының Сексеуіл селосына жалпы құны 31 миллион теңгенің алты қазандығын ақысыз орнатты. Жылу қазандықтары «Жауқазын» балабақшасы, №87 орта мектеп, мектеп интернат, кітапхана, «Жедел жәрдем» ғимаратын жылытады.

«Жаңа жылу қазандықтары жоғары жылу бөлетін, өрт қауіпсіздігі, санитарлық және экологиялық нормалар талаптарына сай келеді»,- дейді «Қамқор Локомотив» ЖШС Техникалық директоры Ж. Адамбаев.

Оның айтуынша, биылғы мамыр айында Сексеуіл селосының әкімдігінің тұрмыстық меншігіне екі модульдық жалпы құны 20 миллион теңге болатын жылу қазандықтары беріледі. Олар аурухана, спорт мектебі, полиция бөлімдерін жылытады.

Сексеуіл селосында «Қамқор-Локомотив» ЖШС компаниялары тобының филиалы - Сексеуіл локомотив жөндеу депосы орналасқан. Кәсіпорында 2ТЭ10МК және ТЭ33А «Evolution» сериясындағы локомотивдерге қызмет көрсету мен күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады.

Өткен жыл қорытындысы бойынша ұжым бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» аталымы бойынша үздік болып танылды.

Сексеуіл селосына жылу құрылғыларын беру Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты басымдықтар - адамға қамқорлық, қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы «Қамқор Менеджмент» ЖШС-ның өңірлерді әлеуметтік қолдауының жалғасы болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта