Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қорғасты цифрландыру көлік логистикасын ғаламдық желіге ықпалдастырады

17 қаңтарда ҚР Премьер –Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алтынкөл станциясында, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, «Жаркент» кеден бекеті, «Қорғас» ХШСО нысандарын аралады.

Вице-премьерді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Жаслан Мәдиев «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында белгіленген тапсырмаларға орай өңірдегі көлік-логистикалық нысандары мен өнеркәсіп орындарындағы цифрландыру жобаларымен таныстырды.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ бас директоры М. Баймұхамбетов АЭА-тағы алдыңғы қатарлы технологияны өндіріске енгізу жайын баяндады.

DP World компаниясымен бірлескен жоба бойынша «Nomad» ақпараттық жүйесі өндіріске енгізілген. Ол арқылы өндірісті автоматтандыру мен ҚР аумағы мен елден тыс цифрландыру платформасы жасақталуда. Қазіргі таңда 48 бизнес үдерістері автоматтандырылған. Ендігі жерде көлік құралдарын кіргізу мен шығару жұмыстарына рұқсат қағазын алуға бұрын бір күн жұмсалатын болса, қазір 30 минутта атқарылады.

«Nomad» жүйесі келесі кезектегі PCS бағдарламасын енгізу арқылы Қазақстан порттарындағы жүк ағындарын басқарып, Кеден одағы елдері мен таяу шетелдерге шығатын тиімді ақпараттық дәліз жалғасын табады. Аталмыш шара Қазақстанның 2020 жылдары халықаралық деңгейдегі логистикалық индексіне еніп, әлемдегі логистикалық жағымды 40 елдің қатарына кіретін болады»,-дейді «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» Бас операциялық директоры Х. Бельмааши.

Алтынкөл станциясы жүк тасымалын тиімді ұйымдастыруға қатысты барлық технологиялар мен заманауи механизмдермен жабдықталған.

«Астана-1» бағдарламасы негізінде кедендік қызметті алдын ала ақпараттандыруды қамтамасыз етілген. Барлық өндірістік үдерістер автоматтандырылған. Бұл бізге жүк тиеу мен түсіру жұмыстарын 3 сағаттан 55 минутқа дейін қысқартты»,- дейді Алтынкөл станциясының бастығы Ж. Ұнтақбаев.

«Қорғас» ХШСО» АҚ президенті Қ. Жазиннің айтуынша, таяу арада Орталық қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету үшін «бір терезе» тәртібі енгізіледі.

«Біз ХШСО қызметіндегі барлық жұмыстар кәсіпкерлер, өнім әкелушілер, қызмет көрсетушілер үшін барынша оңтайлы болуын қарастырудамыз. Олардың барлығы қызметтерін электронды құжат айналымы бойынша атқарады. Бұл өз кезегінде барлық қызмет түрлердін жеделдетіп, ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді»,-дейді Қ. Жазин.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта