Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен DHL Global Forwarding Co., Ltd және John Leere компаниялары серіктестік туралы Келісімге қол қойды

 

16 қаңтарда Вашингтонда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен DHL Global Forwarding Co., Ltd және John Deere компаниялары арасында көлік-логистикалық саласындағы серіктестік туралы Келісімге қол қойды.

Маңызды құжаттарға Қазақстанның Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында қол қойылды.

Тараптар Қазақстан аумағы арқылы сапалы транзиттік тасымалдау қызметі дамыту, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА әлеуетін пайдалану, Құрғақ порт болашағын айқындап, онда John Deere жүк компаниясының жүктерін Еуразия нарығына шығару, шоғырландыру мен таратудың орталығын жасау мәселесіне назар аударып отыр.

2017 жылғы шілдеден бастап John Deere габариттен тыс аумағы үлкен техникаларын транзиттік мультимодальдық логистикалық қызмет көрсету қалыптасты. Ол техникалар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты арқылы (Цзямису) Қытайдан Қазақстан аумағымен Әзербайжан, Түркменстанға жеткізілуде.

«Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, оған әлемнің жетекші компанияларын тарту арқылы құрлықтың барлық өңірлерге оңтайлы желісін жасақтауды ұйымдастыру - трансқұрлықтық бағдарларға мультимодальдық тасымалдау қарқынын арттырады»,-деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта