Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жаңақарағанды станциясына жақын тұста пойыз апатының алды алынды



Жаңақарағанды станциясы бақылау бекетінің вагон қараушысы Сейталы Сәрсенбеков жүк пойызының алғы жағынан түтін иісін анықтайды. Станция кезекшісіне шұғыл хабарлап, пойызды тоқтату нәтижесінде, мұқият қараған кездерінде, алтыншы вагонның доңғалақ жұбындағы тежегішгтің ақаулығы анықталды. Вагон пойыздан ажыратылды.

«Кен тиеген жүк пойызы сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Ол доңғалақ жұбының отшашып, түтіндеп келе жатқандығын байқайды. Оның соңы ауыр апатқа соқтыруы бек мүмкін еді. Сондықтан мен станция кезекшісіне жедел хабарладым. Дереу қауіпсіздік шараларына кірісіп кеттік»,-дейді С. Сәрсенбеков.

«Теміржол көлігі саласында 20 жылдан бері қызмет етемін. Жылжымалы құрамның жөндеу слесары болып жұмыс істедім. Қазір вагон қараушы болып жұмыс істеймін. Біздің жұмысымызда пойыздардың техникалық қызметін қатаң бақылауымыз керек. Шұғыл шаралар қабылдауға қашан да әзір тұруымыз керек»,-дейді вагон қараушы.

Теміржолшының қырағылының арқасында жол бойында ауыр зардапқа апарып соқтыратын апаттың алдын алынды дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесінің» Жаңақарағанды станциясындағы әріптестері.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта