Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мен еңбек ұжымы арасында 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шарт 1 қаңтардан бастап күшіне енді



«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шартқа сала кәсіподағы мен компания басшысы қол қойды. Маңызды құжатта еңбек ұжымының құқығын қорғаудағы әлеуметтік кепілдігі, еңбекке ақы төлеу, еңбеккерлерді сауықтыру мен демалысы қарастырылған. 2018 жылдың бюджетінде әлеуметтік жеңілдіктерге 4,5 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 16% жоғары көрсеткіш. Ұжымдық шартта еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікке жоғары көңіл бөлінген. Компаниядағы маңызды мәселені шешу үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, теміржолшылардың емдеу-сауықтыру шаралары қарастырылады.

«2018 жылы еңбек заңына сәйкес, өндірістік жағдай сапасын жақсарту мақсатында біздің компанияның жалақы қорынан 1 пайыздық үлесі аударылады»,-деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Иван Костыря.

Өткен жылы Атырау, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау жол бөлімшелері заманауи жылжымалы санитарлық- тұрмыстық блокты сатып алды. Мұндай блоктарды алдағы уақытта «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның басқа да филиалдары сатып алады».

Компания еңбеккерлерді арнайы киімдер, арнайы аяқ киімдер, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуде. Аттестаттау барысында 2 мың еңбеккерге ауыр әрі зиянды цехтарда жұмыс істейтіндерге қосымша ақы төлеу қарастырылды.

2017 жылы Астана, Саяқ, Қызылорда, Шу, Защита, Маңғыстау станцияларындағы локомотив бригадаларының демалыс орындары күрделі жөндеуден өткізілді. Басқа локомотив бригадаларында машинистер мен көмекшілерінің ауысымнан кейін демалысы мен күшін қалпына келтіруі үшін ағымдағы жөндеулер жасалды.

Өткен жылы ағымдағы жөндеуден Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жамбыл магистральдық желі бөлімшелерінің 84 өндірістік ғимараты өткізілді. Биылғы жылы магистральдық желілердегі 415 ғимаратты ағымдағы жөндеуден өткізу үшін арнайы құрылыс жөндеу бригадалары жасақталатын болады.

«Теміржолшының еңбегі әртүрлі қолайсыз жағдайлармен қатар атқарылады. Оның ішінде физикалық, психоэмоциональдық жүктемелер, жол айырықтарындағы жұмыстар, түрлі өндірістік шулар, ашық ауада көп уақыт болуы секілді қиындықтары бар»,-дейді И. Костыря. Ол сондай, Компанияда медициналық қызмет көрсетуге зор көңіл бөлінетіндігін де атап өтті.

Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша еңбеккерлердің өндірістік жарақат алу жағдайлары елу пайызға азайған.

Алдағы үш жылға белгіленген өндірістік бағдарламада еңбеккерлердің денсаулығын жақсарту, сауықтыру шараларына көп көңіл бөлінген. Оның ішінде, міндетті алдын ала медициналық сақтандыру, аса қауіпті және зиянды цехтардағы еңбеккерлердің денсаулығын ағымдағы және мерзімдік тексеруден өткізу, еңбеккерлердің ауысым алдына тексерілуі қамтамасыз етіледі. Қауіпті ортадағы пойыз қозғалысына қатысты факторлар, инженерлік- дәрігерлік бригададардың жұмыстары жолға қойылған. 2016 жылы шалғай станциялар мен жол айырықтарында медициналық комиссиялар көшпелі қызмет көрсетті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта