Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Мәжіліс депутаттары ҚазККА ұжымымен Қазақстан президенті Жолдауын талқылады

М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев және пен Кәрібай Мұсырман еліміздегі төртінші өнеркәсіп революциясын жүзеге асырудағы білім мен ғылымның ролінің маңызына тоқталды.

Жолдауда айқындалған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, технологиялық жаңғыртуды тиісті деңгейдегі адами ресурстарсыз атқару мүмкін емес.

«Мемлекет басшысы алдымызға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру жолында еліміздің көлік саласындағы білікті мамандарды даярлау үшін академия барлық шараларды жасауда. Барынша білікті мамандар даярлауға назар аударудамыз. Біздің материальдық-техникалық базамыз жақсы, халықаралық байланысымыз жолға қойылған. Дистанциялық білім беру технологиясы да жетілген. Әсіресе, академия оқу үдерісі мен өндірістік қатынасты бірге жетілдіріп отыр»,- дейді «ҚазККА» АҚ президент- ректоры Бақытжан Қуанышев.

ҚазККА бірқатар халықаралық ғылыми-зерттеу және өндірістік технологиялық жобаларға қатысып келеді. Оның ішінде Ляньюньган портындағы көлік-логистикалық терминалының техника-экономикалық дәйектемесін жасауға да атсалысуда. Жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар. Экологиялық қауіпсіздікті, еңбек жағдайын бағалау, жолды сынақтан өткізу, жасанды имараттарды, бағдарламалық құралдарды сараптау зертханасы жұмыс істейді.

Депутаттар академия қабырғасында еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының өкілдерін қатыстыра отырып, Жолдаудағы цифрлық технологияға көшу, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, адами капиталды жетірдіру негізіне, ғылыми зерттеу жұмыстары мен латын әліпбиіне қатысты ойларды ортаға салып, сараптап, талқылаудан өткізетін дөңгелек үстелдер өткізуге тәжірибелері жеткілікті екендігін ортаға салды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі








«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта