Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолшылар ауа райы қиындығына қарамастан жолаушылар мен жүкті қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуде

 

10-11 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында боранның жылдамдығы секундына 20 метрге жетті.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе жол бөлімшелерінде 35 қар тазалау мен аршу техникалары мен 1500-ден астам жолшылар жұмылдырылды.

Теміржолшалар әсіресе Астана-Ерейментау, Астана-Қарағанды, Астана-Атбасар, Қарағанды- Ағадыр, Жарық-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл, Шалқар- Қандыағаш телімдеріне ерекше көңіл бөліп отыр.

Магистральдық желі бойынан 11 мың текше метр қар шығарылды. Барлық түрлі қар тазалау мен қар аршу техникалары 60 мәрте сапарға шығып келді.

Барлық теміржол желілерін тазалау жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

Пойыз қозғалысы қауіпсіздігі тұрақты әрі қалыпты деңгейде ұйымдастырылған.

Бір тәулік ішінде 4500-ге жуық жолаушы тасымалданды. Аса маңызды бағдарларға жолаушыларды жеткізу үшін 25 қосымша вагондар тартылды.

Жолаушыларды межелі жерге жеткізу үшін барынша шұғыл шаралар жасалуда.

Ауа райының төтенше жағдайлары қалыптасқан жағдайда теміржол вокзалдарында қосымша орындықтар, жолаушыларға арналған демалыс бөлмелері, ана мен бала бөлмелері қосымша іске қосылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметі күшейтілген кесте тәртібімен жұмыс жасауда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта