Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік саласындағы жаңа стандарттарды өндіріске енгізуде

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаңтардан бастап, Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясындағы өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа моделін өндіріске енгізуде.

«Жаңа модель бойынша қауіпсіздіктің құрамдас барлық: қозғалыс, еңбек, өрт, өндірістік және экологиялық қауіпсіздіктерінің бірыңғай тәртіптері мен қағидаттары орнатылады»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Ақболат Жағыпаров.

Оның айтуынша, «жаңа модель қауіпсіздік мәдениетін өсіріп, есеп берудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Өндірістік қауіпсіздікті автоматтандыру деңгейін белгілейді. Бизнесті ұйымдастырудың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатып, Компанияның қоршаған ортаға кері әсері төмендейді».

Жаңа модельді өндіріске енгізу кезіндегі шарттылықтың бірі нормативтік базасын тиісті деңгейге жеткізу, құжаттарды жоғары деңгейлі етіп және базалық деңгейін көтеру болып табылады.

Осы жұмыстарды атқару барысында базалық стандарттар бекітілді. Олар негізінен қауіпті анықтау, экологиялық жағдайы, оларды өндірістік қауіпсіздік қамтамасыз ету кезінде бағалау мен тәуекелдіктерді басқару қамтылады; мердігер мекемелермен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздікті басқару; апатты жағдайларды басқару кезінде олардың түпкі себебін анықтау; төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау және себеп-салдарын, залалын жою; қауіпсіздікті басқару кезеңіндегі келісімге келу әдебін сақтау қарастырылады.

Стандарттар әлемдік үздік тәжірибелер мен «Самұрық-Қазына» АҚ Референс моделі қағидаттары, портфельдік компаниялардың әзірлеп, ұсынған жаңа модельді басқару талаптары негізінде жасалды.

«Аталмыш стандарттарды өндіріске іс жүзінде енгізу –қарапайым нәрсе емес. Ол үшін Компанияның осыған қатысты еңбеккерлері оқытылады. Жұмыс көрсеткіштері дайындалды. Сол арқылы олардың нормативтік құжаттарды орындаушылық жұмыстары бақыланатын болады»,-деп түсіндірді А. Жағыпаров.

Өткен жылы желтоқсанда Шымкентте жаңа өндірістік қауіпсіздікті басқару моделін өндіріске енгізу туралы республикалық салалық конференция өткізілді. Оған Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің 200- ден астам басшылары мен мамандары қатысты. Осылайша, Стандарттардың жаңа қолданысқа енгізілетін нұсқалары әзірленіп, оны игеру әдістері кеңінен қолдау тапты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта