Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жоғары деңгейде мойындау

Ағымдағы жылды қорытындылай келе, «Самрұқ-Қазына» АҚ директорлар Кеңесінің отырысында ҚР Премьер-министіріне «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы есеп берілді.

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жүзеге асырылып жатқан өзгерістерді жоғары бағалап және Ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компанияларын трансформациялау басшыларына алғыс білдірді: «Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудағы трансформация көшбасшыларының еңбектерін мойындау керек деп есептеймін. Өйткені олар жауапкершіліктен қорықпай, компанияның алға үлкен қадам жасауына мүмкіндік берді».

Кездесу барысында Қордың ұлттық компанияларын трансформациялаудың табысты жобалары ұсынылды, солардың бірі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  «Сатып алуларды санатты басқару»  жобасы таныстырылды. Ағымдағы жылда тек «Реактивті отын» санаты бойынша 322 миллион теңге үнемделді. Бұл нәтиже ресурсты ұстаушылар мен өндірушілермен келісімшарттарды тікелей жасау, сондай-ақ төлем шарттарын қайта қарау арқылы қол жеткізілді.

Жоғары нәтижелерге жеткені үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бизнесті трансформациялау» филиалының  «Жеткізуді тізбектеп басқару» бағытының жетекшісі Аманбаева Гульнара  ҚР Премьер-министрінің алғыс хатымен марапатталды.

«Сатып алуларды санатты басқару»  жобасы «ҚТЖ» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының маңызы жоғары жобаларының бірі болып табылады. Жобаны іске асыру қажеттіліктерді қалыптастыру және жоспарлауға, сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуге, жеткізушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл жасауға, қорларды басқару және логистикалық инфрақұрылымға өзгерістер енгізеді. Егер бұрын өнім жеткізушіні таңдаудың негізгі факторы сапаға әсер ететін ең төменгі шығындар болса, енді негізгі критерий тауарлардың, жұмыстың және қызметтердің барлық кезеңдерінде туындайтын барлық шығындардың жалпы құны болып табылады.

«Трансформация біздің ескірген көзқарасымызды өзгертті. Біз үйреншікті тәсілдерден арыла отырып, әлі көп нәрсені жақсартуға және оңтайландыруға болатынын түсіндік. Трансформация бізге білім беріп, горизонтымызды кеңейтті. Бұл жаңа мүмкіндіктер бізге оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді, біз бұл міндеттерді орындау арқылы ары қарай оң нәтижелер алуды жалғастыра береміз », - деп Аманбаева Г. өз қуанышымен бөлісті.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта