Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Теміржолды қардан аршу жұмыстары тиісті кесте бойынша өткізілуде

 

Өткен жылғы желтоқсан мен биылғы жыл басында 23 мың текше метр қар аршылды. Барлық қар тазалау техникалары магистральдық желіге 90 рет шығып қайтты.

«Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін жол инфрақұрылымын тазалауға мыңдаған теміржолшылар тартылған»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы –Магистральдық желі дирекциясының атқарушы директоры Бауыржан Уәли.

«Пойыз жолдарын тазалау белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Ол өз кезегінде пойыздардың тұрақты қатынауы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Теміржолшылар жол инфрақұрылымын жаңа түскен қардан дер кезінде тазалауға кірісуде»,-дейді Б. Уәли.

Оның айтуынша, жол монтерлары мен еңбеккерлерінің күшімен теміржол кәсіпорындары пойыз қозғалысының кесте бойынша тұрақты жүруіне жағдай жасауда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі



 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта