Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Пойыз қозғалысына теміржол рельсі қауіп төндірмейді

 

Ақмола магистральдық желісінің теміржол рельсі тұрақты бақылауда тұр. Ол пойыз қозғалысына қауіп төндірмейді. Рельстердің ақаулығын анықтау үшін үш қабат бақылау жүргізіледі. Жолдағы ақаулықтар нормативтік- техникалық құжаттарға сәйкес, жылма-жыл ақаулы рельстерді анықталып, жоспарлы түрде ауыстырылады.

№358-ЦЗ жол шаруашылығы Ережесіне сәйкес, жолды жөндеу түрлері телімнің жүк тасымалдану жағдайына және қозғалыс жылдамдығына байланысты белгіленеді. Жоспарлауда күрделі жөндеу жүргізу және оның басымдығы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы немесе контейнерлік пойыздар секілді бағдарлармен де сарапталады. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі қозғалыс жылдамдығы белгіленуіне байланысты (шпалдың жарамсыздығы, бекіту құрылғысы т.т) байланысты қамтамасыз етіледі. Оның сыртында, 2018 жылы 111,58 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда, 158 шақырымда белгіленген жылдамдықта, тиісті салмақтағы пойыздар өткізіледі. Жолдың орташа балдық жоспары 76 болып саналса,факт жүзінде 55 балл «жақсы» саналады.

27.06.2011г. №581–ЦЗ «Жол жайын өлшегіш вагонның рельстің жағдайын бағалау көрсеткіші лентасын таратып анықтау нұсқамасын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, жолтабанының 1510мм нормасынан ауытқуы 3 деңгейлі болып саналады да, жылдамдықты төмендету мен жабу жағдайы қарастырылмайды. Жолтабанның 1548 мм асқанда және 1512 мм аз болған жағдайда, 2005 жылы шығарылған темірбетон шпалдарында 1510 болған жағдайда пойыз қозғалысы жабылады.

Бағыттауыш бұрмаларды қалыпты ұстап тұру мақсатында белгі беру және бағыттауыш бұрмаларының қызмет көрсету тізілімі жасалған. Жүйенің бір немесе бірнеше құрамдағы жүйелері істен шыққан кезде, белгі беру және бағыттауыш бұрмалары орталықтандырылған электр желісінің қорғаныш жүйесімен қамтылып, автоматтандырылған бұғаттаушы қызметін атқарады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясы

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта