Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Жол картасы» жолаушылар вагондарының жөндеу сапасын көтереді



«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Арман Сұлтановтың төрағалығымен өткізілген кеңесте жолаушылар вагондары паркін жаңғырту жайы талқыланды.

Кеңесте Алматы вагон жөндеу зауыты кәсіпорнының биылғы жұмыс қорытындысы жасалды. Биылғы 11 айда 1130 жолаушылар вагондары жөндеуден өткізілген. Жөндеу жұмыстарының сапасын көтеруде, берілген тапсырыстарды дер кезінде орындау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. Сонымен қатар өндірістік жұмысқа, құрал жабдықтар, қосалқы бөлшектер сатып алуға қатысты өзекті жайлар ортаға салынды. Кеңес соңында жылжымалы құрамды жөндеу сапасын көтеруге бағытталған «Жол картасы» қабылданды. Маңызды құжатта жолаушылар вагондарын жөндеуден өткізудің, құрал- жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді сатып алудың технологиялық кешенді шаралары қарастырылған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта