Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

В АО «НК «ҚТЖ» ҰК» АҚ еріктілерді қолдады





«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «28 ілгек» клубы жаңажылдық қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеден түскен қаржыға мерзіміне жетпей шала туған нәрестелерге шұлықтар мен бас киімдер тоқылып, қазақстандық қана емес таяу шетелдерге де шығарылады.

«Баланың өмірге келуі қашанда үлкен қуаныш. Уақытынан ерте шала туған балалар анасының денсаулығына да қауіп төндіреді. Шала туған нәрестелерге ерекше қамқорлық қажет. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «28 ілгек» клубының бастамасын бірден қолдап кетті»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстар жөніндегі департамент басқармасының бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

«28 ілгек» клубының президенті Қарлығаш Бөкенованың айтуынша, «өте төмен салмақтағы шала туған нәрестелер жылуды көп қажет етеді. Сондықтан, оларға кувезде тиісті жылу сақталуы тиіс. Аурухана бюджетінде оларға шұлық алуға ақша қарастырылмаған. Біздің клуб бес жылдан бері неонатология бөлімін қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Оның ішінде шұлық, бас киім, көйлектер нәрестелердің өмір сүріп, жетіліп кетуіне көмектеседі».

Қ. Бөкенованың айтуынша, тоқылған бұйымдар жылу беріп қана қоймайды, өзінің табиғи қасиетімен нәрестелерді сауықтырады.

Қайырымдылық акциясы желтоқсанның 29-ына аяқталады. Оған Компанияның әрбір қызметкері үлес қоса алады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта