Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Астана - Нұрлы Жол» вокзалы қалыпты жағдайда жұмыс істеуде

 

25 желтоқсанда «102» телефон қызметіне «Астана-Нұрлы жол» вокзалына жарылғыш зат қойылды деген қоңырау шалынды. Аталмыш ақпаратты вокзал әкімшілігіне лаңкестікке қарсы күрес орталығы хабарлап, жолаушылар мен вокзал қызметкерлерін сыртқа шығаруға тура келді. Ақпараттық жүйе арқылы жолаушыларға жедел түрде сабыр сақтап, ғимараттан сыртқа шығу туралы хабарланды. Төтенше жағдай туғандағы өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, жарылғыш заттарды тауып, залалсыздандыру жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті.

Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жолаушылар пойыздарының кешігуін болдырмау үшін екі пойыз Астана-1 вокзалына бағытталды. №4 «Астана-Алматы-2» пойызы 1сағат 11 минутқа кешігіп аттанды. Алматы 2 станциясына кестеден кешікпей жетуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар вокзалға келушілердің тоңып қалмауы үшін жылытылған автобустар ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы «Астана-Нұрлы жол» вокзалындағы төтенше жағдай туындаған кездегі барлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актіге сай шаралар қабылдады.

Қазіргі кезде «Астана-Нұрлы жол» вокзалы жұмысын қалыпты жағдайда жалғастыруда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта