Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ЕЭО елдерінің теміржол ұйымдары арасындағы техникалық кедергілерді жою мәселесін талқылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ЕЭО қатысушы Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Армения елдерінің жалпы қолданыстағы теміржол көлігін пайдаланудың нормативтік және техникалық құжаттарын жасау жөніндегі Жұмыс тобының жиырмасыншы отырысы өткізілді.

«Жұмыс тобы құрылғалы бері теміржол көлігін пайдалану саласындағы техникалық қызмет көрсету,  жөндеу, өндірістегі жаңа технологияларды пайдаланудың және тәжірибе алмасудың ашық алаңына айналды»,-деп атап өтті»,- «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев.

Б. Қотыревтің айтуынша, «Жұмыс тобы нормативтік және техникалық құжаттарды жасаудағы, жаңа өнімдер шығаруға қажетті талаптарды, халықаралық және ұлттық стандарттарды бірыңғай сәйкестендіру жұмыстары жөнінде үнемі ақпарат алмасуда маңызды рөл атқарды».

«Мұндай қадамдар өз кезегінде техникалық реттеу мен метрология, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық кедергілерді бірлесіп жоюға ықпал етеді»,-деп атап өтті Б. Қотырев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Т. Қанатбаевтың айтуынша, Жұмыс тобы осы шараға қатысушы елдердің арасындағы нормативтік –техникалық құжаттарды бірлесе реттеп, өзара тиімді тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге дем береді.

Жұмыс тобының осы жолғы отырысы «Кыргыз темир жолу» Ұлттық компаниясы» МК мен «Оңтүстік-Кавказ теміржолы» ЖАҚ қолданыстағы Келісімге қосу туралы шешім қабылдады. 

Маңызды құжатта Келісімді жүзеге асыру тәртібі, Жұмыс тобы туралы Ереже, Тараптардың техникалық реттеу мен метрология саласындағы ақпарат алмасуын ұйымдастыру Қағидаты белгіленді.

Отырыста 2017 жылғы стандарттау саласындағы нормативтік және техникалық құжаттарды жасау қорытындысы шығарылып 2018 жылға жоспары қаралды. Оның сыртында, отырысқа қатысушылар жылжымалы құрамды пайдалану мерзімін ұзарту туралы мемлекетаралық стандарттарды жасау мәселелері мен нормативтік және техникалық құжаттар жөнінде интернет ресурстар арқылы ақпарат алмасуды өндіріске енгізуді қарастырады.

Биылғы мерейтойлық  Жұмыс тобының отырысы Қазақстан, Ресей, Белорусь, Қырғызстан, Армения елдері арасындағы жалпы қолданыстағы теміржол көлігіндегі нормативтік және техникалық құжаттарды жасауды 22 желтоқсанда аяқтады.  

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта