Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Alstom» «Электровоз құрастыру зауыты» бірлескен кәсіпорнында үлесін ұлғайтты

Парижде Alstom мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында «Электровоз құрастыру зауыты» қазақстан-франсуз бірлескен кәсіпорнындағы 25 пайыздық үлесін концернге өткізу жөніндегі келісімге қол қойылды. Маңызды құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Мақсат Қабашев пен Alstom концернінің Таяу Шығыс және Африка бойынша аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Келісім «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық активін оңтайландырып, Қазақстандағы тұңғыш электровоз шығаратын кәсіпорынға жаңа технология мен қаржы тартуды көздеп, өнім түрін көбейтуге ықпал етеді.

«Компанияның «ЭҚЗ» кәсіпорнындағы үлесін өткізу теміржол саласын әрі қарай жаңғырту мақсатындағы жекешелендірудің бизнесті трансформациялау саясаты аясында жүзеге асырылуда»,-дейді М. Қабашев.

Оның айтуынша, «қазіргі таңда зауыт теміржол саласының KZ8A жүк электровозына сұранысын қанағаттандыруда. Жолаушылар пойызын тартатын KZ4AT сериясындағы локомотивтер шығару 2018 жылға жоспарланып отыр».

Д. Пфлегердің айтуынша, кәсіпорындағы Alstom үлесінің көбеюі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. Ол арқылы Қазақстанның өз ішінде ғана емес, осы өңірдегі жылжымалы құрам тартымына қажетті сұранысты жоғары деңгейде сапалы технологиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік әпереді.

Заманауи үлгідегі электрововз зауыты 2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ,  «Трансмашхолдинг» ЖАҚ пен франсуздың Alstom компаниясымен бірлескен жоба ретінде ашылды. Кәсіпорын Қазақстанның қатал ауа райына бейімделген электровоздар шығарады.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта