Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Жыл басынан бері теміржолды заңсыз кесіп өтудің 11 мың оқиғасы тіркелді

Жылма –жыл теміржол өткелдерінде автожүргізушілердің кінәсінен көптеген жол-көлік оқиғалары орын алуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың қорытындысын шығарды.

Биылғы жылдың 11 айында 14 жол көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылы 15 жол-көлік оқиғасы орын алған болатын. Ағымдағы жылдың 11 айында күзетілетін жол өткелдерінен қозғалыс қауіпсіздігі талабын бұзып, кесіп өтудің 486 оқиғасы тіркелді.

Теміржол өткелдерін автокөлік жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізуі салдарынан ауыр зардапты оқиғаларға ұшыратуда.

Мәселен, биылғы 4 қазанда Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің Қызылсай- Қазығұрт қума тақ жолында күзетілетін өткелде жүк автокөлігі үлкен жылдамдықпен келіп ВЛ-80с электровозына соқтығысқан. Автокөлік иесі өткел кезекшісінің ескертуіне құлақ аспай, жабық шлагбаумға шығып кеткен. Соның салдарынан электровоздың бірінші секциясы аударылып қалды. Автокөлік жүргізушісі Шымкентке ауруханаға жеткізілді.

6 қазанда Маңғыстау магистральдық желісінің Шетпе станциясындағы 13-ші жол айырығындағы қума жолындағы күзетілмейтін жол өткелінде жүк автокөлігі АС-1А автомотрисімен соқтығысты. 

Жылдың ең қайғылы оқиғасы Маңғыстау жол бөлімшесінің Өзен-Бастау қума жолында қарашаның 25-інде орын алды. Маневрлік ТЭМ-2 тепловозымен «Газель» жолаушылар мінген автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде 9 адам қаза тауып, 27-сі жараланды.

«Газель» автокөлігінің жүргізушісі Жол қозғалысы тәртібін өрескел бұзып, теміржол өткеліндегі жол белгісін, бағдаршамды, дыбыстық белгіні ескермеген. Автокөлігімен теміржолға бағдаршамның тыйымына құлақ аспаған.

Мамандардың сараптауынша, жол көлік оқиғаларының тең жартысы пойыздың жақындап қалғандығын ескермей өтетін автокөлік жүргізушілердің кінәсінен, 14% шлагбаумды айналып өту, 36 %  басқа да себептері апаттарға әкеліп соқтырып отыр.

Соңғы кездері жол бойында жүргіншілердің яғни теміржолға қатысы жоқ бейсеубет адамдардың жүруінің салдарынан да қанды оқиғалар көбейіп отыр. Биылғы 11 айда 62 апатты жағдай тіркелсе, соның салдарынан 45 адам қаза тапты. 17-сі жарақаттанды.

Жылжымалы құрамдардың адамдарды басып кету оқиғалары төрт облыста өршіп тұр. Алматы магистральдық желісінде 12 оқиға, Шымкентте -11, Семейде -6, Қызылорда магистральдық желісінде 4 оқиға тіркелді.

Биылғы оқиғалардың барлығын сараптай келгенде, жыл басынан бергі адамдардың қазасына әкеліп соқтырған жағдайдын 12-сі (суйцид) өзін- өзі өлімге қию, ішімдік салдарынан маскүнемдікпен бір оқиға, үш жағдайда құлаққаппен жүрген жандар апатқа ұшыраған. Теміржол бойында жүру тәртібі ережесін сақтамаудың салдарынан 34 оқиға тіркелсе, 27 жағдайы өлімге соқтырды. Оның бесеуі жасөспірімдер болса, біреуі қаза тапты. 

Темір жолда пойыздардың адам басып кету оқиғаларының дені сол адамдардың өз кінәсінен, яғни, Теміржолмен өту ережесі тәртібін сақтамау,  ескерту белгілерін елемеу, аса қауіпті орында қырағылық танытпаудан болып отыр. 

Қазіргі таңда Жол полициясы комитеті, Көліктегі ішкі істер департаменті, Бас көлік прокуратурасы өкілдері бірлесіп, пойыз жолға жақын елді-мекендердің тұрғындарымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау шараларын  түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Биылғы 11 айдың өзінде көлік полициясымен бірлескен 2371 рейд кезінде 808 тәртіп бұзушы анықталды.  БАҚ, теледидар, радиода лекциялар оқылды. Оқу орындарының мұғалімдері мен оқушыларымен 905 әңгімелесу өткізілді.

Теміржолдардың аса қауіпті тұстарынан қоршау орнату жұмыстары да жүргізілуде. Мәселен, 2015 жылдан бері магистральдық желінің 211,5 шақырымына қоршау орнатылды. Оның 127,5 шақырымы станциялардың аумағында болса, 84 шақырымы вокзал, перрон маңы қоршаулары. Ірі станциялар мен үлкен вокзалдардың маңында тұрақты бейнероликтер көрсетіледі. Теміржол арқылы адамдардың топталып өтететін тұстарына да 611 қауіпсіздік белгісі орнатылса, 980 белгі қайта жаңғыртылды.

Соңғы жылдары жоспарлы түрде күзетілмейтін теміржол өткелдері күзетілетін өткелге айналдырылуда. Мәселен, 2015-2017 жылдары 127 жол өтпесі күзетілетін болды. 38 жол өткелінен қоршау құрылғылар орнатылды. 2018 жылы 83 жол өткелінде осындай құрылғылар орнату жоспарланып отыр.

Биылғы 11 айда автошаруашылық орындарында 165 рет жиналыс өткізілді. Оған 137 839 жүргізуші тартылып, оларға магистральдық желіден өту тәртібі түсіндірілді.  Құқық қорғаушылар қатысқан 2 371  рейд өткізу барысында теміржолды кесіп өту тәртібін бұзудың 10668 оқиғасы кездесті. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осындай кешенді шараларға қарамастан, автокөлік иелері жол қоғалысы тәртібін өрескел бұзуы тоқталмай келеді. Жүргізушілер өз өмірлеріне қауіп төндіріп қана қоймай, жолаушылардың да өміріне қауіп туғызуда.

Теміржол бойындағы қозғалыстың күн санап қарқын алуына байланысты ондағы қауіп -қатер де күшейіп келеді. Соған байланысты теміржол желілерінің бойындағы қауіпсіздік шаралары тәртібін күшейтуді қажет етеді. Соған байланысты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 559 бабының 5 тармағына темір жолды белгіленбеген тұсынан кесіп өтушіге айыппұл көлемін 3 АЕК -тен 10 АЕК  дейін ұлғайту көзделуде.  Аталмыш шара теміржол маңында белгіленбеген орындардан өтушілерге жауапкершілікті күшейтіп, ол өз кезегінде пойыз қозғалысы қауіпсіздігін көтеруге ықпал ететін болады.

Құрметті жүргізушілер мен азаматтар!

Теміржол маңында және өткелдерден өткен кезде тәртіпті қатаң сақтаңыздар. Сіздердің қағыс қадамдарыңыз бен жөнсіз іс-әрекеттеріңіз орны толмас өкініштерге, трагедиялық оқиғаларға әкеліп соқтыруы, ауыр зардаптарға ұшыратуы  мүмкін.

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта