Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ оқу орталығында тәжік теміржолшылары дәріс алды

7-18 желтоқсан аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі еңбеккерлерінің Қарағанды оқу орталығында» «Тәжік темір жолдары» МБК тепловоз машинистері кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.

Тәжістандық локомотившілер Теміржол көлігін пайдаланудың техникалық қағидаты, тепловозды жүргізу және жөндеу, автотежегіш жүйесі, жүк вагондары мен жол шаруашылығына қызмет көрсету секілді маңызды мәселелерді меңгерді. Сонымен қатар, тәжікстандық теміржолшылар «ҚТЖ» ҰК» АҚ» филиалы – «Теміржол көлігі персоналын бағалау мен дамыту орталығында»  ТЭЗЗА тепловозының тренажерлік нұсқасында оны жүргізудің практикалық әдісін үйренді. Оқу барысында қонақтар Астана қаласында болып, ЭКСПО-2017 көрмесінің, «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызы зауытының жұмысымен танысты.

Куср аяқталған соң «ҚТЖ» ҰК» АҚ» филиалы – «Теміржол көлігі персоналын бағалау мен дамыту орталығы»  директорының орынбасары М. Мырзахметов тәжікстандық теміржолшыларға «Теплововз машинисі» арнайы куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Тәжікстандық теміржолшылар Қарағандыдағы теміржолшылардың біліктілігін көтеру орталығының қызметін жоғары бағалады. Қонақжай Астананың көрікті жерлерін аралап, қуаныштарымен бөлісті.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта