Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Астанада ТЖЫҰ мен ЭСКАТО аясында халықаралық теміржолмен тасымалдау жайы талқыланды

20-21 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ белсенді қатысуымен Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) және комитеті, БҰҰ Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша Экономикалық хатшылығы мен әлеуметтік комиссиясының  (ЭСКАТО)  өңірлік кеңесі өткізілді.  

Кеңеске көлік министрліктері, темір жолдар, кеден қызметі сондай-ақ ЕҚЫҰ, Бүкіләлемдік кеден ұйымы, Түрік кеңесі, Еуразиялық экономикалық комиссиясы, Теміржол көлігі халықаралық комитеті, Транссібір тасымалының Үйлестіру кеңесі өкілдері қатысты.

Қатысушыларды құттықтаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Сыртқы саясат және ықпалдастыру департаментінің директоры Ж. Әлиев «2017 жылы Қазақстанның ЭСКАТО құрамына кіргеніне 25 жыл толғандығын атап өтті». 

Қазақстан мен Орта Азия елдерінің әлемдік мұхиттар мен халықаралық теңіз жолдарына шығатын жолы жоқ. Шекаралық бекеттерден өтуді жеңілдету экономикалық өсімнің маңызды факторы.

ЭСКАТО және ТЖЫҰ арасындағы серіктестікті дамыту тұрғысындағы пікірлерімен бөліскен ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Д. Потлов халықаралық шекаралардан кедергісіз өту барысына тоқталды.

Кеңеске қатысушылар мен елдердің өкілдері теміржол көлігімен шекаралық өткелдерден өтуді жақсарту шаралары  туралы баяндамаларын жасады. Қазақстан тарабынан «KAZLOGISTICS» Көлік және логистикалық ұйымдардың кеңесі мен қауымдастығының бас директоры Қ. Әлмағамбетов баяндама жасады. Ол шекаралық өткелдермен өту және жүк тасымалдаудағы логистикалық ахуалды жақсарту үшін физикалық және физикалық емес кедергілерді азайту, үдерістерді цифрландыру көзделетіндігін атап өтті.

Қ. Әлмағамбетовтің хабарлауынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық мақсаттағы мультимодальдық көлік-логистикалық холдингін дамыту стратегиясына сәйкес Қазақстанның халықаралық логистикалық рейтингін 2014 жылмен салыстырғанда 11 позицияға көтерді. Сөйтіп, 160 мемлекеттің ішінде 88 орыннан 77 орынға көтерілді. Бұл ТМД елдері ішіндегі үздік көрсеткіш болып табылады».

Кеңесте трансазиялық теміржол желісі мен оның сыртындағы елдерде теміржолдың шекаралық өткелдеріндегі өткізу тиімділігін көтеру Тұжырымдамасы қабылданды.

Маңызды құжатта оған қатысушы мемлекеттердің аумағында теміржол көлігімен шекаралық бекеттерден өту тиімділігін көтерудің келесі кезеңдері көрсетілді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта