Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұжымдық шартқа қол қойды

15 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен Компанияның еңбек ұжымы арасында 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Теміржол, автожол, әуе және су жолы көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев қол қойды.

Ұжымдық шарт 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ұжымдық шартта еңбеккерлерді қорғаудың әлеуметтік кепілдігі, ақы төлеу, еңбекті қорғау, еңбеккерлердің денсаулығы мен сауықтыру шаралары қарастырылған. ҚР жаңа Еңбек кодексі талаптарына сәйкес еңбеккерлерді қорғауды жақсартудың нормалары мен қағидаттары енгізілді. Компаниядағы әлеуметтік төлемақылар Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушылар, ауған соғысы ардагерлеріне жасалады. Компания еңбеккерлерінің пойызбен жылына бір рет жүру ақысын (оның ішінде транзиттік пойыз) қайтару бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жұмыс берушінің кәсіподақ келісімімен ғана жүзеге асырылатын құжаттар тізімі толықтырылды.

 «Бүгін маңызды құжат қабылданды. Ұжымдық шарт Компанияның еңбек ұжымындағы  тұрақтылықтың кепілі болып табылады.  Салалық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, теміржолшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы алғанда 2018 жылы Компанияның әлеуметтік жеңілдіктер бюджеті  27% ұлғайды»,-деп атап өтті Компания басшысы Қ. Алпысбаев. 

Оның айтуынша, маңызды құжатта «өндірістік көрсеткіштер мен жетістіктерді ынталандыру, міндетті әлеуметтік төлемдерді орындау, персоналды бекіту мәселелеріне ерекше назар аударылған».

«Біз Ұлттық компанияның да еңбек ұжымының да мүддесі қарастырылған маңызды құжатқа қол қойдық»,-дейді О. Ахметбаев.

«Мұндай құжаттар Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде, оның ішінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ да жасалады».

«ҚАЗКӘСІПТРАНС» төрағасы Компания басшысын мемлекеттік мереке –Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Кәсіподаққа 25 жыл» мерейтойлық белгісімен марапаттады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта