Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қанат Алпысбаев: Мемлекет Қазақстанның көлік-логистикалық кешенінің табысты дамуына барлық жағдайлар жасады

15 желтоқсанда «Қазақстан темір жолы»  ҰК» АҚ-да Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев сала еңбеккерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Компанияның жұмыс қорытындыларына тоқталды. 

«Мемлекет біздің алдымызға қойылған тапсырмаларды орындауға, барлық көлік түрлері мен инфрақұрылымдарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ айналасына шоғырландырып, еліміздің тиімді көлік-логистикалық жүйесін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық жағдайларды жасады»,-деді Қ. Алпысбаев.

«Мемлекеттің қолдауымен 4 трлн. теңгенің ауқымды жаңғырту жұмыстары жасалды»,-дей келіп, Компания басшысы 2017 жылы «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында пайдалануға берілген нысандарға тоқталды.

Ел Президенті қатысқан Индустрия күнгі жалпыұлттық телекөпір кезінде  Құрық портындағы автокөлік паром кешені мен Шымкент көлік-логистикалық орталығын іске қосылды.  Биылдың өзінде Астана әуежайы терминалы, «Нұрлы жол» вокзал кешені, Алматы-Шу екінші теміржолы пайдалануға берілді. 

«Жалпы алғанда Компания жылды жақсы нәтижелермен қорытындылады»,-дей келіп нақты сандарға тоқталды.

Мәселен, биылғы жүк айналымы 10 пайызға өсіп, 206 млрд. т-км құрамақ. Транзиттік тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9% артып, 16 миллион тоннаны құрады. Азия- Еуропа бағдарындағы контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 200 мы ЖФЭ құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге өсті. Ол межені 2020 жылдарға қарай 800 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде Компанияның жалпы жүк айналымындағы 30 пайыздық кірісі транзиттік тасымалдан түсіп отыр.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға 2020 жылдары транзиттік тасымалды 2 миллион тоннаға жеткізуді тапсырып отыр»,-дейді Компания басшысы.

Бұл тапсырманы орындау мақсатында Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәліздерінде, Транскаспий бағдарындағы қатысушылармен серіктестіктер аясы кеңейтілуде. Ғаламдық COSCO-Shipping компаниясымен Ляньюньган портымен бірлесіп 49% акциясына иелік етуі  Қазақстан аумағы арқылы трансқұрлықтық тасымалды дамытудың маңызы зор екендігін растайды.

Компания қозғалыс қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалын дамыту, «Цифрлық темір жол» бағдарламасын жүзеге асыруға назар аударуда.

«Қазақстанның жаңа мүмкіндіктен бәсекеге төтеп беруі үшін  қауіпсіз әрі сапалы тасымалдау, транзиттік және экспорттық әлеуетін дамытуды жалғастырамыз»,- деп атап өтті Компания басшысы.

Салтанатты жиналыс барысында Қ. Алпысбаев Қазақстанның көлік-логистикалық кешенін дамытуға сүбелі үлес қосқан сала мамандарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Марапатталғандар қатарында «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ филиалы Шымкент ЖТ бөлімшесінің директоры Е. Ерманов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Алматы магистральдық желі бөлімшесі режимінің көмекшісі Қ. Сәмбетов, Семей жол дистанциясының бригадирі Б. Жолдыболинов, Тараз теміржол көлігі оқу орталығының оқытушысы Б. Түйебаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының» директоры Е. Мейірбеков, Павлодар локомотив пайдалану депосының ауысым шебері Ғ. Есімов, Ақтау портының жетекші инженері Н. Шадрина, Огневка станциясының кезекшісі Г. Ысқақовалар бар.

Бірқатар мамандар саланың ең жоғарғы - «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта