Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қанат Алпысбаев: «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ ынтымақтастығы үлгі етуге тұрарлық»

13 желтоқсанда «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ Басқарма отырысының қорытындысына қатысып, сөз сөйледі.

Қ. Алпысбаев екі ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін Қазақстан мен Ресей темір жолдарының арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың табысты болғандығын жоғары бағалады.

 «Биылғы жылы біз «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. Коммерциялық және технологиялық операциялық бағыттар да қосылған басымдықтарды жүзеге асыру шаралары Жоспары жасалды»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Коммерциялық блокқа кіретін жобаның бірі Бірлескен көлік логистикалық компаниясы (БКЛК) аясында транзиттік тасымалды дамыту. Ол арқылы Қытайдан Еуропа шекарасына дейін транзиттік –көліктік логистикалық қызметтің бәсекелестікке сай жоғары жылдамдықты, бірыңғай өтпелі  мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде, Қытайдан Еуропа бағдарына шығатын транзиттік контейнерлік тасымал көлемі жылма- жыл еселеп артып келеді.

Биылғы 11 айда Азия-Еуропа бағдарындағы контейнерлік тасымал өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  1,7 есеге артып, 175 мың ЖФЭ құрады. Жыл аяғына дейін 200 мың ЖФЭ жеткізіп, 2020 жылдарға дейін 800 мың ЖФЭ ұлғайту көзделіп отыр.

Биылғы жыл қорытындысы бойынша контейнерлік пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне мың шақырым болса, БКЛК аумағы бойынша оны тәулігіне 1100 шақырымға жеткізу жоспарлануда.

«Транзит сынды жаңа қызмет түрін дамытуы тасымалдау үдерісінің тиімділігін көтереді. Біздің синергиялық ықпалдастығымызды қамтамасыз етеді»,-дей келіп Қ. Алпысбаев БКЛК аясында Азия-Еуропа бағдарындағы бәсекелестікке сай өзара серіктестікті одан әрі кеңейту жайына тоқталды.

Оның айтуынша, Польша инфрақұрылымының өткізу қабілетінің шектеулілігіне байланысты Еуропаға шығатын қосымша баламалы бағыттарды қарастыру қажеттігін алға тартты. Баламалы өткізу бекеті Калининград етуге болады. Сонымен қатар трансеуразия бағдарымен транзиттік жүк ағындарын ынталандыру мақсатында бірлескен терминалдар мен жүктерді шоғырландырып, тарататын нүктелерді Еуропа, Иран, Қытайдан ашуға болады.

«Транзиттік қызметті әрі қарай дамыту үшін, жүкті жеткізу жылдамдығын түбегейлі жақсарту қажет. Біз «Еуразия» теміржол дәлізімен жүрдек жүк және жолаушылар тасымалдау жайын қарастырып жатырмыз»,- дей келіп «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы: « Қазақстан аумағымен өтетін магистральдық желінің 2800 шақырымы  солтүстік, орталық, оңтүстік, оңтүстік –шығыс өңірдің адамдар көп орналасқан белсенді аудандары арқылы өтеді.   Онда және шекаралық аумақтарда, жүк және жолаушылар айналымының негізгі бөлігі шоғырландырылғандына тоқталды».

ҚР мен РФ арасындағы өзара серіктестіктің табысты операциялық тиімділік әкеліп отырған үлгі ретінде жобасы Лужская станциясындағы қазақстандық көмірді тасымалдауды ұйымдастыру болып табылады.

БКЛК аумағында ықпалдасқан жоспарлау, вагон ағындарын бірыңғай жоспар бойынша жасақтау, өндірістік үдерістерді цифрландыру, қағазсыз технологияны қолдану шаралары өндірістік үдерістердің тиімділігін көтереді.

«Қазіргі таңда бірыңғай көлік кеңістігін жасақтау мен ықпалдастыруды институциональдық түрде орнықтыру жүзеге асырылды. ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ ынтымақтастығы үлгі етуге тұрарлық»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта