Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ rail-travel.kz порталынан ktjportal қосымшасын ашты

 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ www.rail-travel.kz порталынан ktjportal ұялы телефон байланысына арналған қосымшасын ашты. Ол арқылы жолаушылар тасымалына қатысты Компания ұсынатын толық ақпараттар мен электронды теміржол билетін сату қызметін көрсетеді.

Пайдаланушы жолаушы пойызға билет алудың электрондық және электрондық тіркелусіз билет алу, бос орын болмағанда күту парақшасынан орын алуға, бұрын сатып алынған билетті қайтару туралы ақпараттармен таныса алады.

Жолаушы станциядағы пойыз кестесін біле алады. Дисконт картасын пайдалануға, бір тапсырыспен ақ екі бағыт бойынша да билет ресімдеуге, таңдаған бағдарындағы жолаушылар вагонын сапасы туралы ақпарат алуға болады.

Оның сыртында, пайдаланушы пойыздағы қызмет көрсету мен вагон сапасын бағалауға мүмкіндік алады.

Жолаушылар www.rail-travel.kz порталын пайдаланып және ktjportal ұялы телефон байланысы ұсынысын iPhon және Android тәуліктің кез-келген мезгілінде көшіре алады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта