Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

Қазкөліккәсіп 2018-2020 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімді жасады

 Бұл жөнінде Астанадағы Достастыққа қатысушы елдердің теміржолшылары мен көлік құрылысшылары кәсіподағының V Конгресінде  «Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі салалық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев хабарлады.

Шара аясында Теміржолшылар мен көлік құрылысшылары Халықаралық Конфедерациясы Кеңесінің (ТКХКК) бес жылдағы жұмыс қорытындысы шығарылып, тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Конфедерация Кеңесінің жаңа құрамы мен мекеменің төрағасы, бас хатшысы сайланды. Сонымен қатар ТКХК негізгі қызмет бағыты мен ұйымның алдағы жұмыс жоспары белгіленді.

Конгресте «Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі салалық кәсіби одағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев бірлестіктің атқарған қызметі туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, кәсіподақ саладағы әлеуметтік серіктестік мәселесіне тұрақты назар аударып келеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ оның еншілес кәсіпорындары тиісті кәсіподақ ұйымдарымен Салалық келісім мен ұжымдық шарттарында еңбеккерлердің әлеуметтік –экономикалық қатынастары көрсетіліп, тұрақты орындалып келеді»,-деп атап өтті О. Ахметбаев.

Қазіргі таңда ҚР Инвестиция және даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен салалық кәсіподақ арасында 2018-2020 жылдарға арналған жаңа Салалық келісім жасалды. Маңызды құжатта әлеуметтік серіктестікті дамыту, әлеуметтік –еңбек дауларының алдын алу, саладағы еңбек ақы төлеудің негізгі қағидаттары, ауыр және зиянды, қауіпті жағдайда жұмыс істейтін еңбеккерге қосымша ақы төлеу тәртібі және басқа да жайлар қамтылды.

2015-2017 жылдары 13 ұжымдық шарт жасалып, олардың орындалуы Компания басшылығы мен кәсіподағының тұрақты бақылауында болды.

 «Еңбек құқықтарын қорғау мен еңбеккерлердің әлеуметтік кепілдігі кәсіподақтың алдындағы жарғылық тапсырмасының басым бағыты саналады»,-дейді О. Ахметбаев.

О. Ахметбаевтың айтуынша, Теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағы Халықаралық конфедерациясы тәжірибе алмасу мен өзекті жайларды талқылаудың  мүмкіндігі мол алаңына айналды.

«Конфедерация теміржолшылардың беделді пікірсайыс алаңына айналды»,-дей келіп, Қазкөліккәсіп төрағасы ТМД мен Балтық жағалауы теміржолшыларының кәсіподағы белсенді бірлестіктердің қатарынан саналады. Олар қашанда теміржол әкімшіліктерінің  алдына тұрақты әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету жөніндегі мүшелерінің мүддесін қорғай алады».

Конгресс барысында Теміржолшылар мен көлік құрылысшылары Халықаралық Конфедерациясы Кеңесінің төрағасы мен бас хатшысы сайланды.

Көпшілік дауыспен Николай Никифоров пен Геннадий Косолапов қайта сайланды. Шара аясында ТМД мен Балтық жағалауы теміржолшыларының кәсіподағы конфедерациясы Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Оның тексеру комиссиясы сайланды.

Конгресте Казкөліккәсіп төрағасы О. Ахметбаев Достастық елдері теміржолшыларының арасындағы достық байланысты дамытып, көп жылдық абыройлы қызметі үшін «РЖД» – «180 лет железным дорогам России» ААҚ мерейтойлық кеуде белгісімен марапатталды.

 V Конгреске Достастыққа қатысушы елдердің теміржолшылары мен көлік құрылысшылары кәсіподағы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері, ТМД және Балтық жағалауы елдері теміржолшыларының кәсіподағы, Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясының өкілдері қатысты.

Астанадағы Халықаралық конфедерация конгресі Қазкөліккәсіп құрылғанының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Конгресс делегаттары «Қазақстанның теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі салалық кәсіби одағы» ҚБ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығын мерейтойларымен, Конгресс жұмысын сәтті ұйымдастыруымен құттықтады.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

 






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта