Слайд



Жолаушылар Жүк жөнелтушілер

Онлайн билет сатып алу

Тізімінен станцияны таңдаңыз, содан кейін станцияның атын теруді бастаңыз

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 2018 жыл аяғына дейін заманауи қоймалар құрылысы аяқталады

11 желтоқсанда «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында заманауи қойма құрылысының іргетасына капсула қою рәсімі өткізілді.

Салтанатты шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының басшысы міндетін атқарушы А. Арифханов, «Verno Capital» инвестициялық қорының вице-президенті Мағжан Кеңесбай қатысты.

Жобаны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржыландырды. Холдинг Басқармасының басшысы қызметін атқарушы А. Арифханов «Нұрлы жол» бағдарламасымен шетелдік бастамашылықтың ұштасуы еліміздің инфрақұрылымдық әлеуетін дамыта түседі»,-деп атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының айтуынша, «аталмыш жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының (65 қадам) аясындағы Қазақстанның бірнеше өңірлерінен салынатын терминалдық желісінің бастапқы бір бөлігінен саналады.

Қ. Алпысбаев «қойма терминалдары жобасы құрылысын жүргізу «Нұрлы жол» бағдарламасымен Қазақстанның терминалдық желісін одан әрі дамытуға бағытталады»,-дей келіп, «2016 жылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА кешенді дамыту арқылы өңірге инвестиция тартуға серпін берілді. Соған орай, мұнда инвесторлар тарту үшін қолайлы бизнес ортасы жасақталды. Онда отандық және шетелдік серіктестерге салықтық және кедендік жеңілдіктер жасалғандығына тоқталды».

АЭА дамытуға халықаралық инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Олар 2018 жылы 100 миллиард теңге көлеміндегі инвестициялық жобаларды жүргізуге мүдделі. Оның ішінде қоймалар, жемазық фабрикасы, тамақ өнеркәсібі кластері, құрылыс материалдары өндірісі жобалары бар.

«Бүгінгі капсула қою рәсімі шетелдік компаниялардың біздің жобамызға дайын екендігін білдіреді. Біздің серіктестеріміз бұл өңірдің болашағын «Қорғас» инвесторларға ұсынған логистикалық қызметімен байланыстырады»,-дейді «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА басқарушы компанияның бас операциялық директоры  Х. Бельмааши.

«Verno Capital» инвестициялық қоры, «PNK Group» басшылары «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағына инвестициялық жобаларының тұсаукесерін жасады. Ол Қазақстанның өңірлерінен салынатын «А» сыныбындағы 100 мың шаршы метрлік қоймалар желісінің бір бөлігі болып табылады. Бұл қоймалар ірі өндіріс орындары мен тасымалдаушыларды жоғары сапалы қоймалық орындармен қамтамасыз етеді. Ресей, АҚШ, Еуропа елдерінде жобаларын жүзеге асырған қаржылық топтың осы саладағы тәжірибесі мол.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА әрі қарай дамыту ғаламдық транзиттік және халықаралық логистикалық желісі қызметіне ықпалдасуы, Қазақстанның халықаралық сауда мен көлік коммуникациялық жүйесіне табысты қосылуына қызмет етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі






«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ приватизациясы
© АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Политика информационной безопасности
Ваш отзыв очень важен для нас
Оценка дизайна web-сайта